Педагогикалық мақсат педагог пен оқушының жүйелі әрекет кезеңдері арқылы анықталатын міндеттер қатарынан тұрады.
Оқыту процесінің компоненттері мен негізгі міндеттері
Оқыту процесінің компоненттері
Оқыту процесінің міндеттері:
Білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін стимулдандыру; Ғылыми білім мен іскерлікті меңгертуде оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру; Ойлау, ес, шығармашылық қабілеттерін дамыту; Оқу іскерлігі мен дағдысын жетілдіру; Ғылыми көзқараспен адамгершілік-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.
Оқытуды ұйымдастыруда мұғалім атқаруға тиіс міндеттер
Оқу мақсатын қою; Оқушы меңгеруге тиіс материал мазмұнын анықтау; Материалды меңгеруге деген қажеттілікті қалыптастыру;
Оқу – танымдық әрекетті ұйымдастыру;
Оқушылардың оқу әрекетіне эмоционалды-жағымды сипат беру; Оқушылардың оқу әрекетін реттеу және бақылау; Оқушылар әрекеті нәтижесін бағалау.
Оқытудағы оқушы әрекеттері
Оқу мақсаты мен міндеттерін сезіну;
Оқу-танымдық әрекет мотивтері мен қажеттіліктерін тереңдету және дамыту;
Меңгерілуге тиіс жаңа материалдың тақырыбы мен негізгі сұрақтарын ой елегінен өткізу;
Оқу материалын қабылдау, қорыту, есте сақтау, практикада қолдану, қайталау;
Оқу-танымдық әрекетке эмоционалдық қатынас пен ерік-жігер туындату;
Өзін-өзі бақылау және оқу-танымдық әрекетті түзету;
Өзінің оқу-танымдық әрекетін бағалау.