Оқыту психологиясы



бет12/13
Дата22.05.2022
өлшемі214,46 Kb.
#144545
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Психол обучения СТС 3 лекц

Жоғары психикалық функциялардың басты ерекшеліктері: жанамалығы, саналы түрде меңгеруі, еркіндік, жүйелілік; олар қоғамның тарихи дамуы барысында пайда болған арнайы құралдарды меңгеру процесінде өмір бойында қалыптасады; жоғары психикалық функция дамуы оқыту процесінде, берілген үлгілерді меңгеру процесінде жүзеге асады.

    • Жоғары психикалық функциялардың басты ерекшеліктері: жанамалығы, саналы түрде меңгеруі, еркіндік, жүйелілік; олар қоғамның тарихи дамуы барысында пайда болған арнайы құралдарды меңгеру процесінде өмір бойында қалыптасады; жоғары психикалық функция дамуы оқыту процесінде, берілген үлгілерді меңгеру процесінде жүзеге асады.
  • Бұл теорияның ерекшелігі сол бала айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жанамалай үйренеді. Осылайша бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары функция, яғни болмыстың бала санасындағы бейнеленуі деп аталады.
  • Бала басынан кешірген әрқилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдап білуін қалыптастырады. Дамудың осы жолы Л.С.Выготский пікірінше материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық функция арқылы мәдени факторға (оның бейнесін) айналады.
  • Ішкі процестердің бәрі сыртқы әсерлер (экстериоризация) нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процестерге (интериоризацияға) айналады. Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір баланың мәдени дамуындағы кез келген қызметтің сыртқы көрінісінің байқалуы екі түрлі бағытта анық байқалады.
  • Оның бірі – әлеуметтік сипатта, екіншісі – психологиялық сипатта.

Адам психикасының мәдени-тарихи дамуы.

  • Адам психикасының мәдени-тарихи дамуы.
  • Мәдени-тарихи теория туралы жүйе, біріншіден, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне; екіншіден даму деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірдің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бейнесіне, яки бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор ретінде қарастырылады.
  • Баланың дамуы биологиялық заңдарға емес, қоғамдық-тарихи заңдарға тәуелді, демек баланың дамуы мен өсіп жетілуі, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға, іс-әрекет тәсілдеріне байланысты.
  • Адамның дамуының қозғаушы күші – оқыту болып табылады. Бірақ оқыту дамумен бірдей емес, ол жақын арадағы даму аймағын туындатады, басында тек ересектердің қатысымен және дос-жолдастарының ынтымақтасуымен мүмкін болатын, бірақ дамудың барлық ішкі жолдарына өтіп баланың өзінің жетістігіне айналатын дамудың ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді.
  • Бала дамуының жақын арадағы аймағы баланың белсенді даму деңгейі мен ересектердің қатысуымен жүретін оның мүмкіндігінше даму деңгейі арасындағы аралық, «дамудың жақын арадағы аймағы пісіп жетілмеген, бірақ жетілу процесі үстіндегі функцияларды анықтайды; ертеңгі күнгі ақыл-ой дамуын сипаттайды». Дамудың жақын арадағы аймағының феномені баланың ақыл-ойын дамытуда оқыту рөлінің маңызды екендігін дәлелдейді (Л.С.Выготский).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет