деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері



бет13/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру
Сауалнама зорлық-зомбылық, 87486, Презентация1, 7d, Õèìèÿëû? ðåàêöèÿëàðäû? ýíåðãåòèêàñû ìåí áà?ûòû 1í?ñ?à, Документ (12), педагог сөж5, инкл. сем4, инкл. сем5, «О айдан иын а» ережесі ай принципке жатады т сініктілік, ана тили 5, ана тили 6, 0b22368cc348d811c7d8f39a13dcc23bde08227fb0da628ae9bdc2b6c6fa52b9 (1)
23. Дәстүрлі емес сабақ түрлері
Дәстүрлі емес сабақтар дегеніміз- сабақ құрылымын оқу –тәрбие үрдісінің мақсаттарына сай өзгертіп оқушының шығармашылықпен білім игеруінің субьектілік үлесін жоғарлататын формасы. Осындай сабақтар кезінде оқушы субьекті ретінде болып өз әрекетін өзі толығынан басқарып, ұйымдастыру, іздену тұрғысында өтеді. Осы кезде таным қызығушылығының механизмі әржақты күрделі, оқушының тұлға ретінде қалыптасуына негіз болады, өйткені ойлау үрдісі күрделі тізбектен құралып, жорамалдау, қажетті әдісті таңдау, білім – біліктің түрлерінің сыналуы және әртүрлі шешімдердің саралануынан ең қажеттісі таңдап алынады. Бұл жағдайда оқушының барлық іс- әрекеті өзі үшін аса маңызды болып, шығармашылығы зор қуаныш әкеледі, «ашқан жаңалығына» таңдау, өзбетімен қиындықты жеңгеніне, басқаға көмектескеніне, тапқырлығына, білім игеруде алға жылжығандығына рахаттанады, эмоциялы қуаттанады.
Дидактикалық талаптарға сай ұйымдастырылған оқыту формасы оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырып, білім игеруде ерекше ықылас тудырып ұстазға да шәкіртке де шексіз шығармашылық мүмкіндік береді.
Қазіргі таңдағы мұғалімдерге кездесіп жүрген оқушының таным белсен -ділігінің, қызығушылығының, тіпті оқуға құлқының төмендеу проблемалары себептерінің негізі- сабақтардың бірсарындылығы. Ұстаз еңбегіндегі күнделікті ізденістің болмауынан оқытудағы бірізділік пайда болады, ол-бірте-бірте балалардың сабаққа деген қызығушылығын жояды. Ендеше, қазіргі сабақ қандай болуы керек?- десек, ол- тек қана шығармашыл болуы керек.
Оқытудағы классикалық әдістеме ғылым мен техника дамуы деңгейіндегі «жеңіл» мен «қиын» ұғымдарды ғана меңгеруге болады. Ал осы күндері оқушылар алатын ақпарат жан- жақты көп (теледидар, электронды почта, интернет .б.) сондықтан, олар көп нәрсені ерте біледі. Осындай әлемде өмір сүріп отырған бала бір пәнге қызықса, одан өте көп көлемде хабарлар, деректер шығаруға қабілетті. Ендеше, ол сол өзін қызықтырған мәселе жөнінде жоғары көрсеткіш көрсете алады.Қазіргі кезеңдегі түпкілікті өзгеріп отырған экологиялық жағдайларға байланысты, биологиалық білім берудің басты мақсаты мен міндеттерінің бірі оқушыларда биологиалық ойлауды, қарапайым болса да ғылыми болжамдар құру мен оны тексеруге дәлелдер іздеуді және жоспарлай білуді дамыту.
Мектептегі оқытуда соңғы кездегі ғылыми-әдістемелік басылымдар беттерінде көптеп беріліп жүрген сабақ түрлері заман талабының көріністері. Толық мәнді жаңаша білім беру –бала мүмкіндіктерін барынша пайдалануға жағдай жасау. Оның басты әдіснамалық білім беру міндеті- бала қабілетін дамыту және тәрбиелеу. Себебі белсенділікті дамыту шығармашылық жеткізеді, ендеше ол межеге жетуді белсенді оқыту арқылы жүзеге асыруға болады.Осы тұрғысында негіздейтін болсақ, шығармашылықты қалыптастыруда және дамытуда белсенді оқытудың жүйесі қажет. Зертеушілік әдіс , эвристикалық әдіс және басқа белсенді оқыту жолдары өз қызметтерін толық орындау үшін қалай ұйымдастырылу, қандай сабақтар жүйесі керек тігін ұстаздары мен әдістемешілер анықталуы қажет .
Ұстаздар тәжірбиелерінде өткізіліп жүрген, осы талаптарды орындай алатын дәстүрлі емес сабақтар түрлерін: іскерлік ойындар, танымдық ойындар, конфереция сабақ, пресс- конференция, саяхат сабақ, интеграциялық сабақ ертегі, аукцион, жарыс сабақтары, КВН, спектакль, сот виктарина, және брейнсторминг сабақтары деп топтауға болады . Оқытудың ойын формасы –соңғы жылдардағы педагогикалық жаңалықтың ішіндегі бір қолайлысы. Себебі оқушы ғана емес, жалпы адам үшін ойын –белсенділікпен ,өзін көрсетуге ,сөйте отырып үйренуге әсер етеді. Ойын –өз алдына оқыту үрдісі, жеткіншектерді еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ғалымдар тірі табиғаттағы жұмбақтың бірі –ойын екенін оның құбылыстары мен үрдістер әлі адамзатпен толық зерттеліп ашылмаған, сөйтіп дәл анықтамасы берілмеген қортындыға келген.
Ойын өзінің тек мазмұнымен де балаларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сынып сабақтарындағы үндемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездері жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып ,басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады.
Ойын әрекеті сабақтарда игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаларға сыншыл қарап, орынды да тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Тағы басты бір әлеуметтік –психологиялық талап - шынайы қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Практика көрсеткендей барлық оқушыға, топқа, сыныпқа бірдей жарамды жан- жақты ойын түрі болмайды. Сондықтан ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық, ізденгіштік талап етеді. Оқу ойындарының түрлерінің сан алуандылығы оларды сабақтың әр кезеңдерінде, әр түрлі тақырыптарда жүргізуге болатындығын көрсетеді.
Сабақтың құрылымы,оның жоспары сабақтың мазмұны мен әдістерімен байланысты.Сабақтың жоспары оның мазмұнының құрылымын анық білдірі керек-негізгі бөлімдерді әдістерді,қажет құралдарды.Оқушыларға арналған сұрақтар құрастырылады,анықтама материал көрсетіледі.
Жаңа тақырыпты сабақтың басында түсіндіру оқушылармен жақсы қабылданады және шаршамай тұрғанда қызығушылықпен қабылданады. Өткен тақырыпты жаңа тақырыппен салыстыра сұраған дұрыс. Яғни оқушыны сабаққа қызығушылығын арттыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет