деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Проблемалық оқытудың технологиясы



бет24/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

43 Проблемалық оқытудың технологиясы.
Проблемалық оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық жəне шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру жəне оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мəнге жеткізу.
Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді
Проблемалық оқыту технологиясы тұжырымының ерекшеліктері:
• білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған
басқарылмайтын үдеріс;
• бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;
• бала материалды сезім арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
• оқытуда табысқа жетудің шарттары;
• оқу-материалында проблема туғызу;
• баланың белсенділігі;
• оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.
Проблемалық оқытудың басқа əдістерден айырмашылығы – білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. Осылайша іздену əрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі тауып, білімді игеруге жол ашады.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
– оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
– оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
– оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
– оқушылардың танымдық іс–әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
– мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау


44 Оқытудың модульдық технологиясы.
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.
М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту жүйесі арқылы тіл дамыту іске асады.
Модульдік оқыту технологиясын қолдану арқылы мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
1. Уақыт үнемделеді.
2. Сабақтың сапасын көтереді.
3. Оқу әдісі мен құралдарын таңдауға мүмкіндік тудырады.
4. Оқушылардың белсенділігін мен қызығушылығын арттырады, сондықтан оқу үлгерімі көтеріледі.
Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада
1. Оқу материалдарын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек-сызба арқылы беру.
2. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру.
3. Оқушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету.
4. Оқушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу
5. Оқушының білім деңгейін дәл анықтау.
Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.
Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік береді; Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет