деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Бастауыш мектептегі білім берудің мазмұны



бет32/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

54.Бастауыш мектептегі білім берудің мазмұны
Бастауыш сыныпқа білім беру яғни сабақ өту, қазіргі заман талабына сай оқушыны қызықтыратын тәсілдер арқылы білім беру керек.
Бастауыш сынып оқушылары көбіне ойын болып келген, суреттер арқылы берілген мәліметтерді тез қабылдайды. Ал теледидардан, яғни экраннан көрген мәліметтерді жас бүлдіршіндер одан да жақсы қабылдайды. Бұл жерде бір айта кететіні, экраннан көріп қабылдаған мәліметтерді жас бүлдіршіндер қабылдауға жалықпайды , қайта оларда не бір талпыныс , қызығушылық пайда болады. Сондықтан да оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі аса қажетті , ұлағатты ұстаз бен зейінді оқушының арасындағы қарым – қатынасты, өзара түсіністікті, сыйластықты, тіпті тәртіпті де жетілдіруге , нығайтуға , дамытуға , орнатуға және бастауыш сыныптың оқушыларының сабақты меңгерудегі мәнін жақсартуда интерактивті технологияның орны ерекше болмақ.
Интерактивті оқыту – көпқырлы құбылыс. Білім алушы белгілі бір математикалық есепті шешуде өзінің білетінін есіне түсіреді , білімін басқалардың білгенімен толықтырады , жаңа тәсілдерді меңгереді , өзінің қабілетін анықтайды. Бастауыш сынып оқушыларының арасындағы бірдей белсенділік жағдайында өтетін мұндай білім алу процесі бір мезгілде бірнеше міндетті шеше алады: танымдық , коммуникативтік , дамытушылық , интеллектуалдық , сонымен бірге ең бастысы білімді әлеуметтендіру , демократиялау , гумандандыру. Бұл қазір құзырлылық деп аталып жүрген жаңа басымдылықтар. Сонымен қатар жас бүлдіршіндерді сыйластыққа, өзара түсіністікке тәрбиелеп қана қоймай , жоғары сыныптарға көшкенде қажет болатын информатика пәні туралы да хабардар етеді.
Мұғалім интерактивті әдістерді қолдануда мына ережелерді есте ұстағаны жөн: жұмысқа оқыту әдістерін түгел қатыстыру. Өйткені бұл әдістің негізгі мәні де оқушыларды танымға жұмылдырады , оқушыларды осы әдіспен жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындайды. Қатысушылар өзін еркін сезіну үшін түрлі жаттығулар жасатып , сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап отыру дұрыс , оқушылардың саны көп болмағаны жөн. Өйткені әрбір қатысушыға өз пікірін , көзқарасын білдіруге , дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалу қажет , жұмыс жасайтын орнының талапқа сай болуы керек. Яғни , оқушылар жұп құру үшін орындарын ауыстырғанда еркін жүріп – тұруға жағдай жасалуы қарастырылады. Қатысушы бірін – бірі тыңдау , тақта , компьютер , көрнекілікпен жұмыс жасау үшін еркін , ыңғайлы қозғала алатын жағдайды алдын ала қарастыру , оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау да маңызды.
Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен сусындаған оқушы жастар. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық , кәсіптік адамгершілік , рухани , азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді , өзін – өзі дамытып , оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі технологияны қолдану дегеніміз – келешек ұрпақтың еркін дамуына , жан – жақты білім алуына , белсенді , шығармашыл болуына жағдай жасау.
Педагогикалық технология оқу үрдісінің , яғни мұғалім мен оқушының іс – әрекетімен тығыз байланысты.
Қорытындылай келе , бастауыш мектептің оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі интерактивті технологияны тиімді қолдану қазіргі кездегі бастауыш сыныптың іргесін қалау , білімді жан – жақты меңгеруді талап ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет