Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Борлы тыңайтқыштардың өнеркәсіптік жағдайы



бет20/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

17. Борлы тыңайтқыштардың өнеркәсіптік жағдайы.
Бор өсімдіктің жеміс салу, клеткалардың бөліну процесінде маңызды орын алады. Бор жетіспесе өсімдіктің жеміс салатын мүшелерінің саны кемиді, крахмал мен қант заттары жапырақтарына жиналады, олардың тамырға және генеративтік мүшелеріне жылжуы бұзылады. Мұның өзі бор көмірсулардың синтезделуі мен алмасуына өте қажет екенін көрсетеді. Бор кейбір ферменттердің белсенділігіне әсер етеді, өсімдіктің катиондарды сіңіруін күшейтеді. Өсімдіктер борды қайта пайдалана алмайды.
Өсімдіктердің құрғақ затында бордың мөлшері бірдей болмайды. Астық тұқымдас дақылдарының 1кг құрғақ дәнінде 4,7мг, сабанында 8,5мг, қант қызылшасының тамырында 14,6 мг, жапырағында 45,9 мг бор болады (М.В.Каталымов). Борды техникалық дақылдар көп, астық тұқымдастар аз пайдаланады.
Бор қышқылы. Ең концентрлі, құрамында 17,1-17,3 % бор элементі бар, ақ түсті, майда кристалды, суда жақсы ериді. Тұқымдық материалды және өсімдікті тамырдан тыс қоректендіру үшін 0,05-1 пайыздық судағы ерітіндісін пайдаланады.
Бор магний тыңайтқышы құрамында 2,27% бор және 14% MgO бар, суда жақсы еритін, сұр түсті тұз. Құрғақ күйінде тұқымды өңдеуге (1-2 кг/ц) және тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін (20-25 кг/га) қолданылады.
Түйіршікті борлы суперфосфат жай суперфосфатты түйіршіктеу кезінде бор қышқылын қосу арқылы өндіріледі. Көгілдір түсті, суда жақсы еритін, құрамында 20% P2O5 және 0,2% бор болады. Тұқымды себер алдында топырақты өңдегенде гектарына 2-4 ц, немесе қант қызылшасы, малазықтық қызылша, көкөніс дақылдарының қатар аралығында бір гектарға 100-120 кг береді.
Бура - ақ түсті кристалды тұз. Құрамында 11,3% бор бар, суда жақсы ериді. Тұқымды өңдеу және дақылдарды үстеп қоректендіру үшін пайдаланады. Тұқымды себер алдында оның бір центнеріне 8-10 л бор қышқылының немесе бура тұзының ерітіндісін қолданады. Көптеген дақылдарға негізгі тыңайтқыш ретінде қолданғанда тыңайтқыштардың әсерлі заты түріндегі қолайлы мөлшері әр гектарға шаққанда жоңышқаға 0,5-2 кг, қант қызылшасына - 2-2,2 кг болады.
Бор тыңайтқыштары дақылдың өнімін жоғарылатады және сапасын жақсартады әрі олардың ауа-райының қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет