Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет37/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

Болат өндірудің конвертер әдісі
Болат өндірудің бұл әдісі бұрын Бессемер және Томас конвертерлерінде сұйық шойынды ауамен үрлеу арқылы өндірілетін. Пештің пайдалы көлемінің 1/6 бөлігі ғана пайдаланатындықтан соңғы кезде конвертерге жоғарыдан енгізіп үрлеу арқылы болат өндіріле бастады. Конвертер қалыңдығы 15-25 мм болат темірмен қапталған(1), жоғарғы жағында мойыны(4) бар, ішкі жағы(2) динас кірпішімен астарланған алмұрт тәрізді, көлемі 100-350 т. ыдыс.Сұ»ық шойынды құйғанда және дайын баолатты төккенде көлденең өстен 360° айналдыруға болатын цапфарларға(5) орналасқан. Осы күнде 250 тонналық конвертерлердің биіктігі 9 м, диаметрі 11 м. Ауа үру үшін конвертер тік жағдайға келтіріледі. 1-1.5 МПа қысыммен үрілетін ауа сумен салқындататын фурма(3) арқылы беріледі. Бір тонна болат өндіру үшін 50-60 м³ техникалық оттегі жұмсалады. Фурма тік орналасқан, оны арнаулы механизммен көтереді. Фурманы сыртқа шығарғанда ғана конвертерлерді айналдыруғаболады. Дайын болған болатты құйып алғаннан кейін конвертерді еңкейтіп мойын арқылы шихта материалдарынан салады (ақ шойын, 5-7% болат сынықтары, ізбес тасы, темір рудасы). Ол кезде шойын 1250-1400°С температурада болады. Одан кейін ковертерді бұрып һ, тік жұмыс жағдайына келтіріп қорытпадан 0.7-3 м биіктікте фурма арқылы үріледі. Конвертерге үлкен қысыммен берілген қарқынды оттгі металды аралап тарайды да оны қожбен араластырады. Шойын қорытпалары тотығуының күшейе түсуі нәтижесінде фурманың төменгі жағында температура 2400°С-ға жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет