33 Жемістерден отын алу Американдық ғалымдар жемістердің құрамындағы қанттан отынның түрін алуға болатынын айтып жүр. Зерттеушілердің айтуынша көміртегінің мөлшері төмен мұндай отын көзі этанолға қарағанда көбірек тиімді екен. Бұл жаңалықты Мэдисондағы Висконсина университетінің мамандарының бір тобы жасаған (ВВС News деректері). Фруктозадан алынған және диметилфуран деп аталған отын эланолмен салыстырғанда 40 % жоғары энергияны сақтайды. Сонымен бірге, бұл отын көзі қатты ұшқыш емес және булануы төмен.
Өнертапқыштардың айтуынша фруктозаны тікелей жемістерден және өсімдіктерден алуға болады немесе оны глюкозадан алуға болады. Енді ғалымдар жаңа отынның сыртқы ортаға қандай әсер беретінін анықтау үшін эксперименттер жүргізу үстінде. Американдықтармен қатар британдық ғалымдар да жаңа технологиялардың дамуы соншалықты мұндай отын көздерін тек жемістерден ғана емес сонымен бірге ағаш өндірісінің қалдықтарынан, арам шөптерден, пластиктен жасалған бұйымдардың қалдықтарынан да алуға болатынын айтып жатыр.
Америка құрама штаттарының және де европаның саясаткерлері биоотынды тиімді санап, оны атмосфераға көмірқышқыл газын бөлуді төмендететін бірден-бір тәсіл ретінде қарастыруда және сырттан келетін мұнайдың көлемін азайтуға мүмкіндік береді деп отыр. Сарапшылардың айтуынша Ұлы Британияда жақын 6-7 жыл ішінде осы аталған шикізаттардан алынған дизельдік отынның көлемі 30 %-ға дейін жететін көрінеді. Алайда, сын айтушылардың ойынша дәнді дақылдардан алынатын биоотынның әсерінен азық-түлік бағасы көтерілетін сияқты. Олардың ойынша пальманың майынан алынатын және жүгеріден этанолды алу мүмкіндігі жерді игеретін фермерлердің барлығының осы дақылдарды өсірумен айналысып кетеді деген жорамалға саяды.
Дәнді емес дақылдар бойынша британдық Ұлттық орталықтың қызметкері Джереми Томкинсонның айтуынша биоотындардың келесі өкілдері тек қана автомәшинелерде ғана пайдаланылып қалмайды. Өсімдіктердің негізінде алынған химикаттар химиялық индустрияда пайдаланылуы мүмкін, ал ұшақтар биодизельмен толтырылады. Қазіргі уақытта ең басты кедергі биоотынды өндірудің қымбат болуына келіп тоқтайды. Атап айтқанда, биоотынды алу өнеркәсіптерін салуға қарағанда жаңадан өндірістердің құрылысына он есе қаражат керек.