Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Минералдық тыңайтқыштарды қолдану



бет48/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

36. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану.
Минералдық тыңайткдштарды өндірудің сапасы жылдан-жылға едәуір жақсара түсуде. Өсімдіктер пайдаланатын минералдық тыңайтқыштар құрамындағы химиялық элементтерге мыналар жатады: 1/ негізгі қоректі элементтер /фосфор, калий/, фосфорит, калий тұздары қүрамында кездеседі; 2/ қосымша қоректі элементтер /калий, кальций, магний, күкірт/; 3/ қүрамында микроэлементтері бар / мыс, молибден, мырыш, бор, марганец, кобальт, т.б./ шикізаттар. Органикалық заттар алынатын шикізаттар /шымтезек, сапрогелдер/. Сапрогель — континентальды су қоймаларының түбіне жиналған органикалық түнба. Бұл суда өмір сүрген организмдер, сондай-ақ, құрылықта өлген организмдер қалдықтарынан да пайда болады. Мұның кұрамында минералдық заттар бар. Бүкіл тыңайтқыштардың шығу тегі, қолданылуы, құрамы, алу тәсілдері жағынан әртүрлі болып бөлінеді. Олар шығу тегі жағынан минералды, органикалық, органикалық-минералдық және бактериалды болады.
ауылшаруашылық мамандары өсімдік тіршілігінің кез-келген факторларына тікелей ғана емес, онымен тығыз байланысты басқа факторлар арқылы да жанама түрде ықпал етіп, тіпті ауа райы қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алады. Мысалы, өсімдіктердің пісуін тездететін фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы куаңшылық жағдайында шығымдылықты едәуір арттыруға болады.
Минералдық тыңайтқыштың тиімділігінің жоғары болуы көбінесе қолдану әдістері мен тәсілдеріне байланысты. Тыңайтқыш қолданудың үш тәсілі бар: негізгі тыңайтқыш (егін сепкенге дейін және оны себудің алдында), тұқым себумен бірге және егін сепкеннен кейін үстеп қоректендіру. Тыңайтңышты қолданудың мынадай жолдары бар: жаппай шашу, ұяға, қатараралыққа беру және қорға қалдыру.
Үстеп қоректендіру өсімдіктің өсіп-даму кезінде қоректенуін жақсарту үшін беріледі. Үстеп қоректендіру үшін суда жақсы еритін азот тыңайтңышы, сондай-ақ азотқа бай құс саңғырығы қолданылады.
Негізгі тыңайтқыш өсімдіктерді бүкіл өсу вегетациясы кезінде қоректік заттармен қамтамасыз ету үшін, әсіресе олардың қарқынды өсіп-дамитын кезеңінде беруге арналған.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет