37. «Жеуге жарамды» пластик. Ресейдегі Красноярск қаласының зертеу институтының ойлап тапқан жаңалықтары әлі зертханадан шығарылмаған. Әйтсе де, олардың айтуынша бұл – жеуге жарамды полимер екендігі белгілі болып отыр. Кейбір болжамдар бойынша әдеттегі синтетикалық пакеттерді «қара тізімнен» бір жолата сызып тастауға болады. Себебі, экперименталдық полимер - биопластатан. Жеуге жарамды, ағзаға зияны жоқ. Алайда, оның дәмі жоқ. Әдеттегі пластиктердің ыдырап кетуі үшін 300 жыл уақыт керек.
Биопластатанды биофизика институтындағы зертханаларда өсіреді екен. Синтезделген материалдың қасиеттері жоғары: берік, жеңіл, температураның әсерінен балқығыш. Әдеттегі полимерлік қаптағыштардан және ыдыстардан ең басты айырмашылығы биополимер тез ыдырайды. Жаңадан ойлап шығарылған биополимердің ыдырау уақытысы 25 тәулікті құрап отыр.
Красноярскінің биофизиктері биопластатанды глюкозадан, қоңыр көмерден және тұрмыстық қалдықтардан өсіруді үйренген. Арнайы жағдайлар жасап, бактерияларды қоректендіріп, әдеттегі пластикке ұқсас заттарды синтездейді. Өнімді 1 тәулікте 1 рет жинайды. 5 литр арнайы ерітіндіден 100 г материалды алуға болады. Іс жүзінде жаңа полимердің, яғни биопластатанның мүмкіндіктері шексіз.
Биополимерлік қабатқа оралған өнімдер ұзақ уақыт сақталады. Сонымен бірге, бутербродтарды сыртындағы қабаттамасымен бірге жеуге де болады. Қабықтың дәмсіз болмағаны болмаса, жеуге болады. Зерттеушілердің айтуынша биополимерлердің медицина облысында болашағы күшті екен. Бұл материалдың көмегімен сүйек тінін қалпына келтіруге болады, қан түтіктерін және хирургиялық жіптерді жасауға болады.
Әдеттегі хирургиялық жіптер 7 күннің ішінде тінде ыдырап кетеді. Ал тіннің 7 күнде жазылуы сирек байқалады. Ал жаңа материалдан жасалған жіптер ұзақ уақыт қызмет ете алады екен.
Қазіргі кездегі зертханада алынып жатқан биополимердің бағасы жасанды пластиктердің бағасынан 2-3 есе жоғары. Осының салдарынан кәсіпкерлердің көбісі бұл технологияны қаржыландырудан бас тартып отыр. Осы себептен де Красноярск қаласындағы тәжірибелік мекемедегі цех босқа тоқтап тұр. Алайда, ғалымдар ешқандай да қамықпай өз зерттеулерін жалғастыруда. Себебі олар өздерінің нәтижелеріне сенімді. Және ерте ме кеш пе бұл материалдардың өндірістік көлемде шығарылатынына сенеді.
Қазір биотехнология барлық елдерде, тіпті бүкіл әлемде күшті дамып жатыр. Мамандардың айтуынша 50 жылдан соң биологиялық пластик жасанды пластикті толық ығыстырып шығарады екен.