Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет57/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын
хим синтез сессия жауап , 7 класқа арналған тест тапсырмалары
5. «Өздігінен жазылатын» полимер.
 
Иллинойс штатының университетіндегі американдық ғалымдар беткі бөліктегі зақымданған буындарын қайта қалпына келтіруге қабілеті бар жаңа полимерді жасады. «Өздігінен жазылатын» полимерлерді және материалдарды жасау бағытында жұмыстар ертеден жасалып жатқаны белгілі. Атап айтқанда, құрылымына арнайы заттардың капсуласы енгізілген полимерлер бұрыннан бар. Алайда, мұндай полимерлердің нақты кемшіліктері бар. Капсула жарылған соң сол бөліктің қайтадан екінші рет қалпына келуі мүмкін емес. Иллинойс университетінің мамандарының бұл кемшілікті жоюдың мүмкіндігі бар.
RSC.org, мәлімдеуі бойынша ғалымдар материалдың құрылымына микроканалдардың жүйесін енгізуді көздеп отыр. Осы каналдар бойынша қалпына келтіретін зат (қосылыс) полимердің кез-келген жеріне жете алады. Мұндай зат ретінде мономер түріндегі тұтқырлығы төмен дициклопентадиен пайдаланыла алады. Полимердің сыртқы қабаты катализатормен – дихлорорутенийдің бензилидин-би(трициклогексилфосфинімен) өңделген.
Полимердің беткі қабатында жарақат пайда болғанда қалпына келтіруші зат капиллярлардың бойымен қажет бөлікке жеткізіліп, катализатормен әрекеттеседі. Нәтижесінде полимерлену реакциясының инициирленуі басталады. Бір шама уақыттан соң бітелген жараның ізі пайда болады. Егер сол бөлік қайта жарақаттанатын болса, онда осы үрдіс қайтадан жүреді.
Американдық ғалымдардың ұсынған технологиясы келешекте кең қолданыс табатындығына ешқандай күмән келтіруге болмайды. Өздігінен жазылатын материалдар аэрокосмостық және әскери салаларда, медицинада, биоинженерия салаларында және т.б. қажет бола алады. Бұл шетелдің фантастикалық фильдеріндегі кейбір көріністерді еске түсіреді. Иллинойс университетінің ғалымдары өздерінің өнертабыстарының коммерциализациялану уақытын әзірге жариялаудан бас тартып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет