Сабақтың тақырыбы «Химия тұрмыста және медицинада»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік. XXI ғасыр-химия ғасыры. Күнделікті тұрмыста және медицинада қолданылатын химиялық заттар, олардың пайдасы мен зияны, химиялық элементтердің адам ағзасында атқаратын рөлі туралы, жас ерекшеліктеріне қарай нақты түсінік қалыптастыру.
ә) Дамытушылығы. Химия ғылымына деген дүниетанымдық, диалектикалық көзқарастар қалыптастыру. Ғылыми түсініктерін молайту. Жеке бас гигиенасын сақтау күнделікті тұрмыста және медицинада қолданылатын химиялық қоспалардың адам денсаулығына зияны мен пайдасы туралы түсіндіру- студенттермен пікір алмасу.
Б) Тәрбиелілік. Студент -жеке тұлға. Студенттердің өз ойын, пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, Химиялық құрал-жабдықтар, Д.И.Менделеев кестесі.
Химиялық білім жалпы адамзаттың құндылықтарға, дүниежүзілік экономикалық білім жетістіктеріне ынта қойған. Егеменді Қазақстан Республикасының дамуына белсене қатысатын, өзін - өзі жетілдіріп отыруға ұмтылатын, жауапкершілік сезімі бар жас адамның жеке басын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосуға міндетті. Тәуелсіз мемлекетіміздің келешегі өркениетке жету жолындағы бәсекелестікте өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл жастардың қолында.
І. Бөлімі: химия таңбаларымен таныстыру.
Қолға алып, химияның әліппесін,
Қызығып қарай бердім әріптерін,
Біз үшін жұмбақ болған бұл кітаптың,
Ұзтазым ашып берді бізге кілтін.
Химия әліппесіндегі 118 химиялық таңбаның бүгін сегізі өз сырларын ашады.
II. Бөлім:
Ғажайып кәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңадан бірі жаралған
Викториналар І топ
1.Адам ағзасында қай элемент жетіспеушілігінен тіс жегі ауруына
ұшырайды?
Фосфор
2.Алғаш рет химиялық қару ретінде қолданылған зат?
Хлор СІ2
3.Ең жоғары электротерістілік мәнге ие болатын галоген:
Сарғылт жасыл түсті, тұңшықтырғыш өткір иісті улы газ.
5% спирттік ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылады?
жауабы
Иод
30 г тұзды 170 г суға еріткенде түзілетін ертіндегі тұздың үлесң (%)болады
жауабы
15 %
Мен Ақбаймын, Қарабай және Қазбек деген сыңарларым бар. Үшеуміз егіз болғанымызбен, түрімізде мінезіміз де әр түрлі. Менің мінезім нашар, тез тұтанып шыға келемін,қызбамын. Өзім улы заттар қоймасында жұмыс істеймін? Екі ағам маған қарағанда момындау. Қарабай әскери адам, түтінін бұрқыратып темекі шегеді де жүреді.Қазбек сіріңке зауытының директоры. Мен және ағаларым кімдер?
Неліктен: картоп құрамында каталаза атты фермент бар.
Ферменттер клеткалар да болады. Олардың функциясы – ірі тағам
заттарының кішірек, жеңіл сіңірілетін заттарға айналуын тездету.
Картоп клеткасындағы каталаза сутегінің асқын тотығын су мен
оттегіне тез айырады.
V. Бөлім
Химияда болады көп ыдыстар,
Тәжірибе жасалады жұмыстар.
Сол ыдыстың атын атап берейік,
Химияның кереметін сол ыдыстан көрейік
Сөз жұмбақ шешу «Қаныштың монологы»
Суретте көрсетілген зертханалық құрал-жабдықтардың аттарын сөз жұмбақтағы торкөздерге дұрыс тауып жазсаңыз. Қазақстандағы химия ғылымының өркендеуіне үлкен үлес қосқан ғалым Қаныш Сәтбаевқа арналған Ә.Тәжібаевтің өлеңінің атын оқи аласыз.