МаңҒыстау облысы ақтау қаласы маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің



Дата06.06.2023
өлшемі34,1 Kb.
#178333
Байланысты:
наркобекет ақпарлама (копия)




МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
АҚТАУ ҚАЛАСЫ


Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің
«№20 Мұхтар Әуезов атындағы
жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

130000, Ақтау қаласы, 28 ш/а № 45 үй


Факс , тел: 8(7292) 40-32-87




МАНГИСТАУСКАЯ ОБЛАСТЬ
ГОРОД АКТАУ


Коммунальное государственное
учpеждение «Общеобразовательная
школа №20имени
Мухтара Ауэзова» Отдела образования по городу Актау Управления образования Мангистауской области

130000, г.Актау, 28 мкр. №45зд.


Факс, тел: 8(7292) 40-32-87

Ақпарлама


Ақтау қаласы білім бөлімі №20 М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ – де 2022-2023 оқу жылына арналған «Накологиялық бекет» іс – шарасының жылдық жұмыс жоспары жасақталып, бекітілді. Есірткінің зияндылығын бейнелеген арнайы стенд жасақталды. Жоспарға сәйкес «Денсаулық күніне» орай дене бірлестігімен бірлесе отырып 1-6 сыныптар арасында «Біз бақытты баламыз» атты эстафеталық спорттық жарыс ұйымдастырылды. «NO smoking day» тақырыбында мектеп медбикесімен кездесу өткізілді. Ақтау қаласы ПБ ЖПБҚ ЮПБ бастығы полиция аға лейтенанты Ә.Ильясов пен мектеп испекторы Е.Жалғасовпен арнайы кездесу ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында қазір жастар соның ішінде мектеп оқушылары арасында қылмыстық жолмен таратылып жатқан синтетикалық (конфет, сағыз) түріндегі есірткілердің бала денсаулығына зияндылығы, өміріне қауіптілігі жөнінде баяндады. Оқушылар танымайтын бейтаныс тарапынан ұсынған конфет, сағыз т.б заттарды алмай, сақтанып жүруі жөнінде мәліметтер айтылды және сұрақтарға жауап берілді. «Жаман әдеттерге жол жоқ» тақырыбында 8-11 сыныптар арасында челлендж видеосы жасақталып жатыр. Жоғары сынып оқушыларына арнайы «Жаман әдеттерден аулақ болайық», «Темекі, есірткі шегу адам ағзасына зиян» атты сынып сағаттары өткізілді. «Жасөспірім және зиянды әдеттер» тақырыбында «Көзқарас» дебет клубының ұйымдастыруымен пікірталас ұйымдастыру жоспарлануда. Алдағы уақытта жоспар бойынша іс – шаралар жүзеге асады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет