2. «Шыны түріндегі» болат. Окридждегі зертханада жұмыс істейтін ғалымдардың бір тобы болатқа ұқсас және оның басқа бір түрін жасап шығарған. Ол сыртқы суреттемесі бойынша металға емес шыныға ұқсас. Бұл материалдың беріктігі өте жоғары. Зерттеушілер оны медициналық импланттанттарды немесе жеңіл ұшақтарды жасауға қолдануды жоспарлауда. Әдеттегі металдарда атомдар белгілі бір, кристалдық ретте орналасады. Ал аморфтық заттарда мысалы, шыныда атомдар хаос түрінде, яғни кездейсоқ орналасады. Бұл соңғы жағдайда атомдар сұйықтықтың бір түріне келеді. Бар айырмашылығы шыныда бұл атомдар бір жерде белгілі орында тұрады. Ал егер де металда осында кездейсоқтық болса, онда олар әдетте өздерінің «тәртіпті бауырларынан» мықты болып келеді. Сондықтан да, олар инженерлер үшін қызықты материал болып табылады. Алайда, аморфтық металдар өте қымбат. Нарықтағы мұндай нұсқалар негізінен цирконийден және палладийден құралған. Темірдің негізінде жасалған болаттың аморфтық түрі бұл бағаны төмендетуге себебін тигізеді. Соның өзінде де оның бағасы әдеттегі болаттан жоғары болып қалады. Сондықтан да, жақын уақытта бұл нұсқаны металлоконструкцияларда пайдалану мүмкін емес. Алайда оны өнеркәсіптердегі станоктарды, спорттық жабдықтардың (хоккей клюшкасы, теннис ракеткалары) бетін қабаттауға пайдалануға болады. Аморфтық болатты ерте кездерде де жасауға тырысқан. Алайда олардың өлшемдері кішірек болып шығатын (қалыңдығы 4 мм-ден аспайды). 4 мм-ден асқанда кристалдану жүріп балқыманың беріктігі мен қаттылығы азайып отырған. Чжао Пин Лю және оның әріптестері бұл мәселені шешті. Олар темірдің қоспасына арнайы ұнтақты қосуды ұсынды. Болат құрамында негізінен аз-маз көміртек болады, ал көбінесе өндірілетін болаттың құрамына оның белгілі бір қолданылу саласына байланысты қасиеттерін жоғарылату мақсатында хром, никель, титан сияқты элементтерді қосады. Зерттеушілер құрамында иттрий, хром, марганец, молибден, көміртегі, және борэлементтері бар темірдің қоспасын алған. Құрамында 1,5 % иттрий бар балқымалар анағұрлым төмен температурада ұзақ уақыт балқымалы күйде бола алады екен. Нәтижесінде металл қатқанда аморфтық құрылым пайда болады. Сонымен қатар иттрий темірдің карбидінің кристалдарының өсуін тоқтатады. Болаттың қатып кристалдауына осы темірдің карбиді әсер етеді. Әзірге Лю бастаған зерттеушілердің тобы ұзындығы 12 мм (зертханалық жағдайларда) кесікті ала алған. Зертеушілердің айтуынша оларға бұдан да жоғары нәтиже алуға мүмкіндіктер бар. Аморфтық болаттың тағы бір ерекшелігі - ол тек өте төмен температурада ғана магнитке тартылады. Зерттеушілердің ойынша бұл әскерилердің назарын өздеріне аудартатын жағдай. Себебі, үлкен кемелердің корпусына магниттелген миналарды жабыстыру өте қауіпті. Хибинде (Мурманск облысы) табылған минералдың өзіне салмағының жартысындай радиациялық қалдықтың сәулесін тартатындығы анықталды. Оның құрамындағы элементтер Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінде жоқ және еш жерде тіркелмеген. Ол сонымен бірге радиобелсенді элементтерді өзіне тартып алады. Ғалымдардың айтуынша жаңа минерал атомдық сүңгуір қайықтардың рабиобелсенді қалдықтарын жоюға мүмкіндік береді. Минералдың бір ғана кемшілігі бар екен – ол тұрақсыз, радиобелсенді заттармен оңай химиялық реакцияласып кетеді. Реакцияның соңында радиобелсенділігі жоқ зат түзіледі. Ол адамға зиян емес және қанша уақыт болса да сақталып қала береді. Зерттеушілердің мәлімдеуінше бұл заттың бір килограмы 0,5 килограмға дейін радиобелсенді қалдықтарды бейтараптауға қабілетті. Минералдық заттың басқа қасиеттері бар екен. Алайда, оларды әзірге ғалымдар зерттеу үстінде.