Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Фосфорлы тыңайтқыштардың республикамызда өндірілуі



бет51/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

39. Фосфорлы тыңайтқыштардың республикамызда өндірілуі.
Фосфор — барлық тірі организмнің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, дәрумендердің кұрамында болады.
Фосфорсыз хлорофилл түзілмейді, онда өсімдік жапырағы көмірқышқыл газын сіңіре алмайды. Өсімдікте фосфор жетіспесе, жапырақта қара қошқыл жасыл, қара дақ пайда болып, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Фосфор тыңайтқышын топыраққа енгізу арқылы алынатын жемістің сапасы жақсарып, өнімі артады. Фосфор тыңайтқыштары суда еритін, ерімейтін болып бөлінеді.
Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиясын дамытуға негіз болды. Академик Ә.Б. Бектұров Қаратау фосфоритінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Фосфор қосылыстары мен фосфор тыңайтқыштарын зерттеуде Ә.Б. Бектұров және оның шәкірттері көп еңбек сіңірді. Қаратау бассейнінің фосфорит кенінен Тараздың және Шымкенттің өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндіреді. Фосфор тыңайтқыштары - өнеркәсіптік әдіспен алынатын, құрамында өсімдіктер үшін қолайлы нысанда фосфор болатын минерал заттектер.
Қазіргі уакытта Қазақстан бүрынғы Кеңес одағының шығысындағы фосфор тыңайтқыштары өнеркәсібінің маңызды шикізат базасы болып табылады және маңызы жағынан Ресейдегі Кола түбегіндегі «Апатит» комбинатынан кейін екінші орын алады. Қоры бойынша Қаратау фосфорит бассейні Марокко, АҚІП жөне Тунис кен орындарымен бір қатарда тұр. Оның қоры 2,6 млрд тоннаға бағаланады. Қаратау фосфориті сапасының жоғары болуы, біз үшін экономикалык жағынан тиімді. Онда 26%-ке дейін, ал кейбір кен орындарда 36%-ке дейін фосфор ангидриді болады. Егер 1979 ж. Қаратау фосфорит кендерін өндіру, негізінен, Жаңатас, Аксай, Көкжой, Шолақтау, Түйесай кендерінің карьерлерінде жүргізсе, қазір Актөбе облысындағы фосфориттер екінші фосфатты шикізат базасы болып табылады. Оның жалпы коры 1,5 млрд тоннаға жетеді. Оларды ашық әдіспен өңдеуге болады. 
Қос суперфосфат, аммофос, т.б. сияқты концентрленген және күрделі тыңайткыштар едәуір тиімді. Тараз суперфосфат зауытында республикамызда бірінші рет тыңайткыштың күрделі түрі — құрамында азот (12—13%) және фосфор (Р2О5-ке есептегенде 47%) бар тыңайтқыш алынды.
Республикамызда бастапқы шикізат ретінде Теңіз кен орнының газы қолданылатын азот тыңайткыштары шығарылады. Қарағанды көмірін кокстеуден калған қалдыктардан Теміртауда бағалы азот тыңайткышы — аммоний сульфатының өндірісі іске косылған. Қаратау бассейні фосфориті базасының негізінде Қаратау тау-химиялық комбинаты жүмыс істейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет