Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Бейорганикалық химияның негізгі міндеттері



бет44/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

32.Бейорганикалық химияның негізгі міндеттері
 
Бейорганикалық химияны оқытудың негізгі міндеті химияның негізгі 
стехиометриялық заңдарын, периодтық заң және атом құрылысын, химиялық кинетика мен термодинамика заңдарын, ерітінділер теориясын және осылардың негізінде элементтердің қасиеттерін тереңдетіп қарастыру арқылы кең көлемде теориялық базаны қалыптастыру болып табылады. ІІ-семестрде «Элементтер химиясы» курсында студенттер периодтық жүйедегі барлық топтардың элементтерін және олардың қосылыстарін қарастыру арқылы қазіргі бейорганикалық химияның даму жолдары мен химиялық технологияның мәні жайында түсініктерін орнықтырады.
 Бейорганикалық химия пәнін оқыту негізінде студент төмендегідей білім мен білікті игеруге тиіс:
1.Химияның негізгі стехиометриялық заңдарын білу және заттың молекулалық формуласын есептеу, зат молін грамм – массаға немесе атом, ион, молекула сандарына айналдыруға бағытталған есептер шешу, химиялық теңдеу бойынша өнімнің шығымын есептеу кезінде теориялық білімді қолдана білу.
2.Периодтық заңды пайдалана отырып, периодтық кесте құрылымдарының арасындағы байланыс себептерін аша білу, атомдардағы электрондардың орналасуын сипаттай білу, периодтық жүйедегі орналасу орнына байланысты, Паули, Хунд, Клечковский ережелерін пайдалана отырып, кез-келген элементтің электрондық конфигурациясын жаза білу, период бойынша және s-, p-, d-, f-элементтер қатары (жалпы қасиеттері мен айырмашылықтары) бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеруін теориялық түрде сипаттап жазуға үйрену, дағдылану.
3.Химиялық байланыстар табиғаты жөніндегі теория дамуының негізгі ережелерін білу (Планк квант теориясы, электронның екіжақтылық сипаты, Шредингер теңдеуі, ВБ, МО әдістері). Коваленттік байланыстың табиғатын түсіндіре білу, екіатомды молекула үшін МО әдісінің энергетикалық деңгейлерінің диаграммасын құру.
4.«Тотығу-тотықсыздану», «тотығу-тотықсыздану реакциясы» терминдерінің мәнін түсіну, тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіре білу.
5. Термодинамиканың І – және ІІ – заңдарын тұжырымдай білу. Реакцияның жүру бағытына орай, энергия түрлерін және олардың өзара айналуын айыра білу. «Жылдамдық константасы», «Ле–Шателье принципі» терминдерінің мәнін түсіндіре білу, нақты жағдайларда оларды пайдалана білу, сонымен қатар, тепе-теңдік константасымен байланысты есептерді шығара білу, жылдамдықты, жылдамдық константасын немесе реагенттің тепе-теңдік концентрациясын берілген жылдамдықтың теңдеуі бойынша есептей білу.
6. Ерітінділер теориясы, ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Ерітінділердегі тепе-теңдік константасы. Гидролиз. Сутектік көрсеткіш, ерігіштік көбейтіндісі. Электролиттердің диссоциациялану дәрежесі, константасы, сұйылту заңы ұғымдарын түсініп, есеп шығаруда, лабораториялық жұмысты орындауда пайдалана білу.
 Практикалық еп-дағдыларға ие болу: Химиялық эксперимент жасау барысында химиялық лабораторияда жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін (таразыға өлшеу, қыздыру, сүзу, тұздарды қайта кристалдандыру, сұйықтарды айдау, шынымен жұмыс, температураны өлшеу, электрлік қыздырғыш және кейбір өлшегіш аспаптарды пайдалану, вакуумде, құрғақ камерада, т.б. жұмыс істеу) игеру. Қиындығы әртүрлі тәжірибелер жасау үшін қондырғыларды дұрыс жинауға үйреніп, белгілі әдіс бойынша бейорганикалық қосылыстарды синтездеуде еп-дағдыларға ие болу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет