Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары


Таза суды отын ретінде пайдалану – баламалы энергетика



бет43/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

31.Таза суды отын ретінде пайдалану – баламалы энергетика.
Альтернативтік энергетика. Немесе, үлкен газбаллондардың және батарейкалардың орнына нанотехнлогияларды пайдаланып энергияның көздерін немесе олардың элементтерін табу және қолдану. Мұның астарында қандай мәселер жатыр ? Қазіргі уақытта өте танымал болған бұл терминге байланысты жаңа технологияны ресейлік ғалымдар (физикалық химия және электрохимия институты) келесідей жолмен шешім ойлап тауып берді. Олардың ойлары бойынша автомәшинелердің түтін газдарын болдырмаудың келесі тәсілі, шешімі бар. Олар жанар майдың орнына суды пайдалануға болатындығын айтады. Яғни, сутегімен жүретін эксперименттік мәшинелер ойлап жасалған. Олардың көбісі қала көшелерінде жүр. Алайда, оларды зауыттан топтап шығару қиындықтарға және қауіп-қатерге байланысты.
Сутегімен жабдықталған баллондар өте үлкен және ақау болған жағдайда жарылып кетуі әбден мүмкін. Мұның шешімін де ресейлік ғалымдар (сол аталмыш институттың қызметкерлері) ойлап тапқан. Шешім технологиялық тұрғыдан қарапайым – олардың ойынша сутегіні тікелей двигательдің өзінде алу керек. Арнайы сиымдылыққа отын көзі беріледі. Оның формуласын ғалымдар ойлап тауып қойған және оттегі беріледі. Осы заттар арнайы катализатардың бетінде жанасқанда сутегі түзіледі.
Отын элементінің өлшемдеріне қарай энергияның да мөлшері өзгереді. Оның энергиясы тіпті ең мықты автомәшиненің жүруін қамтамасыздайды. Қазіргі технологияларға қойылып отырған талаптардың ең бастыларының бірі – қалдықтардың мөлшері көп болмау керек. Аталмыш институттың қызметкерлері сутегінің түзілу үрдістерін зертханада қайта тексеруден өткізуде.
Сутегі энергиясымен жабдықталған картридждер автомәшинелер үшін және басқа да механизмдер үшін бірдей жасалады, тек олардың өлшемдері кішкентай, яғни ұялы телефондардың өлшемімен бірдей болады. Оларды қолмен алып басқа жағдайларда энергия көзі ретінде қолдануға болады. Бұл жердегі ең бастысы сутегінің түзілуін қамтамасыздаушы катализатор. Оны ойлап табу үшін нанотехнология пайдаланылған.
Қажет затты құрылысшылар кірпіштерді қалап үй салған сияқты атомдарды қалап жинаған. Нәтижесінде потенциалы мықты аспаптар жасалады. Олардың өндіретін энергиялары ауаға кетпейді. Керісінше ауадан энергияны түзеді. Ресейлік электрокатализ және отын элементтерінің институтының қызметкерінің айтуы бойынша мұндай отын элементтерінің болашағы жарқын. Себебі, олардың пайдалы әсер коэффициенті өте жоғары. Осы технологияға ұқсас жолмен осы институттың ғалымдары ұялы телефонның литийлік аккумуляторының мүмкіндіктерін жетілдіру бойынша біраз нәтижелер алған. Ойлап тапқан элементтің сиымдылығы біздерге осы уақытта белгілі элементтерден бірнеше есе жоғары, ал көлемі мен салмағы әзірге жарияланбай отыр.
Ғылым жолындағы адамдардың айтуынша нанотехнология біздің болашағымыз. Олармен келіседі – мемлекет осы саланың дамуына өте көлемді қаржы бөліп отыр, ал ірі компаниялар ғалымдармен келешегі бар технологиялар бойынша келісім шарттарды жасауда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет