Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет118/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

25. Химия және тамақ өнеркәсібі.
 
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.
Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.
Көптеген «тамак өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құралжабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтынуМатериалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.
Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант өнеркәсібі (Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді.
Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.
Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкеніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе,Алматы облысында орналасқан.
Шикізат кезіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнер- кәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.
Саланың басты кәсіпорны - «Атыраубалык» АҚ (Балықшы а.). Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді.
Түтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді.
Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұксайды. Ең ірі кондитер өндірісі – Алматы мен Қостанайда, шай – Алматыда, макарон енімдері – Пертропавл қаласында орналасқан.
Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады.
 


26 Техникадағы химияның рөлі.
Адамзат қоғамы бұдан мыңдаған жылдар бұрын кейбір табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген. Қазіргі заманда адамның өндіргіштік әрекеттері саласында химияның атқаратын рөлі зор. Химия араласпаған бірде-бір өндіріс, шаруашылық салалары жоқ. Табиғат бізге тек бастапқы шикізатты — ағашты, кендімұнайды және т.б. береді. Табиғи материалдарды химиялық өңдеу арқылы ауыл шаруашылығына, өндіріске, тұрмысқа қажетті тыңайтқыштарды, металдарды, пластмассаларды, бояуларды, дәрілік заттарды, сабынды, соданы және т.б. аса маңызды әр түрлі заттарды алады. Осы процестерді іске асыру үшін жалпы заңдылықтарды білу қажет. Бұл білімді де химия береді. Химияның және химия өнеркәсібінің өркендеуі шаруашылықтың барлық салаларының дамуына, жалпы ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуіне әсер етеді. Химия және оның жетістіктері егеменді еліміздің экономикасы мен мәдениетінің өсуіне, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді. Химиясыз ғылыми-техникалық прогресс болуы да мүмкін емес. Машина және аспап жасау сияқты өндіріс салаларына химиялық конструкциялық материалдар қандай қажет болса, қара және түсті металдарды, құймаларды, ағашты, шыныны алмастыратын берік, ыстыққа төзімді, оптикалық мөлдір, электро оқшаулағыш, жемірілмейтін, т.б. қасиеттері бар полимерлер сондай қажет. Қазіргі кезде химияның қолданылу аясы одан әрі кеңейді. Химия ғылымы көптеген маңызды ғылыми жаңалықтар мен жетістіктердің қуатты өршіткісіне айналды. Физиктер химиялық әдістердің көмегімен радиоактивті элементтерді таза күйінде бөліп алып, өнеркәсіп қызметіне қосты. Каучуктаррезеңкелер, металдар сияқты материалдардың беріктілігін арттыру үшін радиациялық химия ядролық сәулелендірудің тиімді әдістерін тапты. Мұндай ірі жаңалықтарды шаруашылықтың әр саласынан кездестіруге болады. Сонымен химия қазіргі қоғамдағы неғұрлым көкейкесті және болашағы зор проблемаларды шешуге ат салысуда. Олардың қатарында мыналарды атауға болады: жасанды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыру арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін молайту; ауыл шаруашылығы дақылдарынсыз тағам өнімдерін синтездеу проблемасын шешу; шикізаттардың мүмкін болатын түрлерін тауып өңдеу; энергияның жаңа көздерін табу; маңызды табиғи химиялық процестердің механизмін анықтап, оны жасанды жағдайда іске асыру; болашақта техникалық міндеттерді шешу үшін қажетті жаңа заттар мен композицияларды синтездеу; коршаған ортаны қорғау, қалдықсыз өндірісті дамыту. Қазіргі қоғамда әрбір адам өзінің химия ғасырында өмір сүріп отырғанын жақcы біледі. Өйткені химия адамды сырт киіммен, аяк киіммен қамтамасыз етіп қана коймай, тамақтандырып, әрі емдейді. Олардың баспаналы болып, өмірін көркейтуіне көмектеседі. Адамдар химияның қызметін әр сағат, әр секундта көреді десек, артық айтқандық емес. Үйде отырып телевизор қарау немесе қолды сабынмен жуу, тіпті автоқаламмен жазудан бастап, ғарышқа ұшқанға дейін адам химияның өнімін пайдаланады. Химиясыз жасанды жер серіктері, зымырандар, планета аралық станциялар болмас еді. Сондай-ақ адам жер тұңғиығына үңіліп, теңіз бен мұхит тереңдіктеріне бойлай алмаған болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет