Биотехнология өнімдерін немесе биотехнологиялық процестерді келесі салаларда қолданады: медицина, тағам өндірісі, ауыл шаруашылығы, экология, энергетика, химиялық өндіріс, мұнай өндіру, металдарды алу, биоэлектроника.
Медицинадағы биотехнология. Вакциналар – арнайы өсірілген ауру тудыратын микроағзалар, вирустар мен олардың құрамдас бөліктері арнайы өңдеуден кейін əлсіздетілген немесе жансыздандырылған күйінде адам ағзасына енгізіледі, осының есесінен берілген ауруға қарсы иммунитет қалыптастырады. Осыдан бастап Луи Пастер кезеңі басталды.
Антибиотиктер – ауру тудыратын микроағзаларға қарсы əсер ететін заттар. Зеңнен (плесень) синтезделіп зат алынды, оны пенициллин деп атады. Пенициллин өндірісі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде басталды жəне жарақаттарды емдеуде кең қолданыс тапты. Əсері жоғары нəтижелерге ие болды.
Дəрумендер. Дəрумендерді өсімдіктерге қарағанда жылдам синтездейтін микроағзалар табылды. Қазіргі таңда В2 жəне В12 дəрумендерінің, сондай-ақ химия өндірісінің жетістігі болып табылатын С дəруменінің өндірісі биотехнологияның қоржынында.
Инсулин. Жаңа биотехнология көмегімен адам инсулинін шапшаң жылдамдықпен синтездей алатын микроағзалар «құрастырылған». Дəрі АҚШ-та «Хьюмулин» сауда белгісімен сатылады.
Өсу гормоны. Соматотропты гормонды қымбат жəне жағымсыз тəсілмен - өлген адамның ми гипофизінен алуға болады. Жаңа биотехнология осы соматотропты гормонды синтездей алатын микроағзаны «құрастырды» жəне адамзат мұқтаждығын қамтамасыз ететін гормон өндірісін жолға қойды.