5. Фуллерендер және нанотүтікшелер синтезі Фуллерендер және нанотүтікшелер – бұл өте қызық наноқұрылымдардың кең кластары. Мысалы, фуллерендердің ішінде көптеген бөлшектер және изомерлер бар: С20, С28 , С240, С1840. Бұл заттардың (бөлшектердің) қасиеттері әр түрлі. Сонымен бірге бірнеше қабықтан (қабаттан) құралған (көміртек пияздар), бір-біріне салынған бірнеше құрылымнан түзілген фуллерендер де алынды.
Қазіргі уақытта фуллерендік полимерлер, қабықшалар, кристалдар (фуллериттер), допирленген кристалдар (фуллерендер) синтезделіп алынған. Олардың құрылымы ерекше, кейде әдеттегі кристалдардың құрылымына ұқсас. Мысалы, С28 фуллерен әдеттегі көміртегінің атомының валенттілігін көрсетеді, және алмаздың құрылымына ұқсас тұрақты кристал – гипералмазды түзеді. Соңғы жылдары бейорганикалық заттардың (тотықтардың, металдардың дихалькогенидтердің және басқалардың) көптеген молекулаларының фуллерендерге ұқсас құрылымдары табылды.
Нанотүтікшелерден өте қызық материалдарды, мысалы өте берік наноқағазды алуға болады: бұл материал өзара табиғи өсімдік тектес талшық секілді, тоқылған нанотүтікшелерден тұрады. Жақын уақытта қытайлық мамандар нанотүтікшелерді өріп, үйренген және осы тәсілмен көміртектік жіптерді алуды үйренді. Егер мұндай нанотүтікшелердің беріктігінің әдеттегі мықты деп саналатын болаттан 50-100 есе жоғары екенін ескеретін болсақ, онда мұндай өнертабыстарының адамзатқа өте пайдалы болатынан түсіну қиын емес. Нанотүтіктерді қолданудың нақты облыстары да табылып отыр. Мысалы, Motorolla фирмасы наноматериалдарды жазық дискілерде қолданады. Олар плазмалық және сұйық кристалды туыстарынан анағұрлым сапалы. Сонымен қатар нанотаразыларда қолданылады. Мұндай таразылардың массасы 20 фемтограмм (1 фг = 10-15 г).