28. Квантты химияның дамуы. Кванттық химия – химиялық қосылыстардың құрылысы мен қасиеттері кванттық механика түсініктері мен әдістері тұрғысынан қарастырылатын теориялық химияның бөлімі. Кванттық химия қосылыстардың табиғатын, валенттілікті, молекуланың электрондық құрылысқа тәуелді қасиеттерін (энергия шығару және сіңіру заңдылықтары, магниттік қасиеттері, кеңістіктегі құрылысы) және химиялық активтілігін қарастырады. Алғаш рет 1926 жылы В.Гейзенберг гелий атомын есептеп шығарды; ал неміс ғалымдары В.Гайтлермен Ф.Лондон (1927) сутек молекулалары үлгісімен Коваленттік байланыстың кванттық механикалық интерпретациясын ұсынды. 1931 жылы Дж.Слейтер мен Л.Полинг бұл ұсынысты әрі қарай дамытып, оны валенттік байланыс әдісі деп атады. 1928 жылы Ф.Хунд(Германия), Р.Малликен (АҚШ), Дж. Леннард-Джонс (Ұлыбритания, 1929) және Э.Хюккель(1930) қазіргі кезде кеңінен таралған молекулалық орбиталдар әдісінің негізін қалады. 1927 жылы Д. Хартридің, ал 1930 жылы В.А. Фоктың өзара келісімді өріс әдісі, сондай-ақ, Дж. Слейтердің (1929 – 30) математикалық негіздегі конфигурациялық өзара әсер әдісі туралы еңбектері жарық көрді. Х.Бете(1929) менДж.Ван Флек (1932 – 35) кристалдық өріс теориясын ашты. Кванттық химияның түсініктері мен әдістері жоғары молекулалы қосылыстарды зерттеуде кеңінен қолданылды. Кванттық химия әдістері молекулалық биологияда, материалтануда, органикалық шала өткізгіштер мен композициялық материалдар жасауда қолданылады
Жаратылыстану жаңа революциялардың пайда болуына серпін берген физикадағы жаңалықтар болды.
Г.Герц — электромагниттік толқындардың ашылуы;
К. Рентген — қысқа толқынды электромагниттті сәуле шашу;
Дж. Томсон — электрондарды ашу;
П.Н.Лебедев — жарық қысымы;
М.Планк — кванттық идея;
А.Экштейн — салыстырмалылық теориясы;
Э.Резерфорд — радиоактивті бөліну.
1913-1921 жылдары атом ядросы туралы түсінік негізінде Н.Бор атом моделін ойлап шығарды, ол бір жағынан Д.Менделеевтің периодтық системасына сүйенді. Бүл физика мен жаратылыстанудағы жаңа революциялық алғашқы кезең болды. Ол материя мен оның қүрылысы, қасиеттері, қозғалыс формалары, кеңістік, уақыт туралы бурынғы көзқарастардың күйреуіне себеп болды. Екінші кезең XX ғасырдың 20-шы жылдарынан басталды, ол кванттық механиканың пайда болуымен және оның салыстырмалық теориясымен ұштасуымен байланысты болды. Революцияның үшінші кезеңі XX ғасырдың 40-шы жылдарында атом энергиясын игерумен, электронды-есептегіш машина мен кибернетиканың пайда болуымен байланысты. Сонымен қатар, бул кезде физикамен бірге химия, биология және жер туралы ғылымдар басым дамыды. XX ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техника тұтасымен бірігіп қазіргі ғылыми-техникалық революцияға әкелді.