Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


)Дәрі дегеніміз не және қандай мақсатта тағайындалады



бет10/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à

29)Дәрі дегеніміз не және қандай мақсатта тағайындалады
Дәрі дегеніміз қабылдау кезінде минималды дозасы максималды терапиялық эффект беретін және мейлінше төмен жағымсыз әсер етуді қамтамасыз ете алатын дәрілік заттардың және фармацевтикалық факторлардың (дәрілік форма, технология және т.б.) жиынтығы түріндегі күрделі физика-химиялық жүйе. Дәрі-дәрмек деп қандай да бір ауруды емдеу мақсатымен және оның профилактикасына қолдануға арналған заттарды айтады. Дәрілік заттар деп шығу тегі синтетикалық немесе табиғи болып табылатын дара немесе аралас қоспаларды айтады. Дәрілік препарат деп қолдануға дайын дәрілік заттарды айтады. Дәрілік форма – қабылдауға тиімді, белгілі формада жасалған дәрілік заттар.
30)Дәрілік формалардың агрегаттық күйі бойынша классификациясын атаңыз
Қазіргі кезде дәрiлiк формалардын классификациясынын төрт түрін колданады: агрегаттық күйі бойынша, колдану тәсiлiне немесе дозалау әдісіне байланысты, ағзаға енгізу тәсiлiне байланысты, дисперсологиялык. Агрегаттық күйіне байланысты дәрілік формалардың классификациясы: қатты, жұмсақ, сұйық және газ тәрізді.
31)Қатты дәрілік формаларға жататын дәрілік түрлерді атаңыз
Қатты дәрілік формалардың классификациясы: • Таблеткалар • Драже • Гранулал. • Ұнтақтар • Жинақтар • Спансулалар • Дәрілік қарындаштар. Қатты дәрілік формаларға таблеткалар, драже, гранулалар, ұнтақ, жиынтық, капсулалар, спансулалар, дәрілік қарындаштар, дәрілік пленкалар, брикеттер және т.б. жатады. Таблеткалар – дәрілік заттарды, дәрілік қоспаларды, көмекші заттарды қалыпқа салу жолымен алынған мөлшерлі дәрілік форма. Драже – дәрілік заттар мен көмекші заттарды қат-қабаттап, жұмырлау арқылы алынған, мөлшерлі дәрілік форма. Гранулалар – бірыңғай бөлшектер (түйіршік , дән тәрізді), жұмырланған, цилиндр немесе 0,2-0,3 мм көлемдегі бұрыс дәрілік заттар. Ұнтақ – сусымалы қасиеті бар дәрілік формалар. Ұнтақтар: қарапайым (бірсыңарлы) және күрделі (екі немесе одан да көп сыңарлы), дара және бөлінбеген дозаларды ажыратады. Жиынтық – кесілген, ірі ұнтақ. Жүн-жұрқа өсімдіктер, кейде басқа да дәрілік заттарды қосып даярлайды. Капсулалар – мөлшерленген, ұнтақ тәрізді, кейде сұйық, сырты желатин, крахмал, биополимерлермен қаусырылған дәрілік заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет