Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Таблеткалардың фармацевтикалық тұрғыдан, өндірістік және тасымалдау тұрғысынан артықшылығы қандай



бет26/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à

74) Таблеткалардың фармацевтикалық тұрғыдан, өндірістік және тасымалдау тұрғысынан артықшылығы қандай
Таблеткалардың фармацевтикалық тұрғыдан, өндірістік және тасымалдау тұрғысынан артықшылығын қарастыруға болады.
• Фармацевтикалық мақсатта қолдануға ыңғайлы болуы, дозалау дәлдігі, таблетканың еріген жерінде ағзаға сіңген мөлшерін реттеу мүмкіндігі, дәрілік заттарды үйлестіру мүмкіндігі, жағымсыз дәмін, иісін түзету мүмкіндігі, престелген түрінде дәрілік заттың тұрақтылығын жоғарылату мүмкіндігі жатады.
• Өндірістік артықшылықтарына өндірісті толық механизациялау және автоматтандыру мүмкіндігі, жоғары өнімділігі мен қауіпсіздігі, гигиеналық тазалығы, өндірістің сериялы және массалы түрде көптігін жатқызуға болады.
• Тасымалдау тұрғысынан артықшылықтарына таблеткалардың көлемінің кішкентай болуы, қолайсыз әсерлерге тұрақты болуы, тасымалдауға, сақтауға және босатуға ыңғайлы болуы, жарамдылық мерзімінің ұзақ болуы жатады.
75) Қатты дәрілік формалар өндірісінің процесі жайлы не білесіз
Қатты дәрілік формалар өндірісінің процесін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады:
-Ұнтақтар дайындау кезеңі;
-Дәрілік қалып массасын алу кезеңі;
-Дайын дәрілік қалып алу кезеңі;
-Қаптау және орау кезеңі.
Қатты дәрілік қалыптардың ішінен таблеткалар өндірісіне тоқталсақ, ол таблетка жасауға арналған массаны дайындаумен басталады.
76) Грануляция (түйіршіктелу) деген қандай процесс
Грануляция (түйіршіктелу) – бұл процесс ұнтақ тәрізді материалдарды белгілі бір пішінді түріне дейін ауыстыру. Грануляция таблеткалы қоспаның сусымалдығын жақсарту және оның қабатталуына кедергі жасау үшін тиімді. Сусымалдығын жақсарту түйіршіктердің бір-біріне жабысу кезінде бөлшек бетінің қосындысы едәуір кемуі және соған сәйкесінше, бөлшектердің қозғалысы кезінде олардың арасында туындайтын үйкелістің азаюы нәтижесінде жүргізіледі. Қабатталу көпкомпонентті ұнтақ тәрізді қоспаларда әсіресе бөлшектердің өлшемі мен оның құрамына кіретін дәрілердің меншікті салмағы және көмекші заттардың едәуір айырмашылығы есебінде жүргізіледі. Мұндай қабатталу әртүрлі типтегі вибрациялық таблеткалы машинада жүргізілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет