65) Табиғи антибиотиктер мен олардың синтетикалық аналогтарын атаңыз Дәрілік құралдар ретінде кеңінен қолданылатын табиғи антибиотиктер және олардың жартылай синтетикалық аналогтарын келесі топтарға бөледі:1. Алициклдық құрылысты антибиотиктер (тетрациклиндер тобы, олардың жартылай синтетикалық аналогтары және т.б.);
2.Ароматты қатар антибиотиктері (левомицетин тобы);
3.Гетероциклды структурасы бар антибиотиктер (пенициллиндер, олардың жартылай синтетикалық аналогтары, цефалоспориндер және т.б.)
4. Антибиотиктер– гликозидтер: стрептомициндер; антибиотиктер – аминогликозидтер (канамициндер, неомициндер, гентамициндер, мономициндер); макролидтер (эритромициндер және олеандомицин); гликозид тәріздес структурасы бар полиенды антибиотиктер (нистатин, амфотерицин, микогептин)
5.Антибиотиктер – полипептидтер (грамицидиндер; полимиксиндер және т.б.).
66) Психотропты дәрілік заттардың классификациясы мен негізгі сипаттамаларын атаңыз Жаңа психотропты дәрілік құралдарды табуға көп көніл бөлінді. Осы топтарға кіретін заттарды зерттеумен айналысатын фармакология бөлімі «психофармакология» деген атқа ие болды, жоғарыда аталғандай әсер ететін препараттар психофармакологиялық құралдар немесе психотропты препараттар деп аталады. Алғашқы психотропты препараттар ашылған уақыттан бастап оларды классификациялау жұмыстары қолға алына басталды. 1967 жылы Цюрихте психиатрлар Конгресі психотропты препараттарды екі топқа бөліп, олардың алғашқы классификациясын ұсынды:
1. нейролептикалық заттар;
2. транквилизаторлық заттар.
67)Психотропты дәрілік препараттар, олардың ерекшеліктері қандай Психотропты препараттардың ерекшелігі – орталық жүйке жүйесінің бұзылуы кезінде олардың дәрілік тиімділігін қамтамасыз ететін, психикалық функцияларға арнайы оң ықпал етуінде. Алғашқы психотропты препараттар ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында жасалған болатын. Сол уақытқа дейін психикалық ауруларды емдеуге қолданылатын дәрілік құралдар өте аз және олардың тиімділігі төмен болатын. Осы мақсатта қолданылатын негізгі препараттарға ұйықтататын және седативті құралдар, инсулин, кофеин жататын. 1952 жылы психикалық ауруларды емдеу үшін хлорпромазин (аминазин) және резерпинның ерекше тиімділігі байқалды. Содан кейін тиімділігі жоғары аминазин және резерпин туындылары синтезделіп, зерттелді. 1957 жылы алғашқы антидепрессанттар (ипрониазид, имипрамин) ашылды. Одан кейін мепробаматтың (мепротанның) және бензодиазепин туындыларының транквилизаторлық қасиеттері анықталды.