Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Дәрілік заттар мен препараттарды тасымалдау тәртібі туралы баяндаңыз



бет43/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à

124) Дәрілік заттар мен препараттарды тасымалдау тәртібі туралы баяндаңыз
ҚР ДСМ 22.04.2019 ж. № ҚР ДСМ-44 бұйрығының 3 тарауында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау тәртібі келтірілген.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары мен жабдық оларды пайдалану мақсаттарына сәйкес келеді және өнімді сапасының жоғалуына әкелетін немесе қаптамасының тұтастығын бұзатын теріс әсерлерден қорғау үшін, сондай-ақ
1)Оларды сәйкестендіру және қауіпсіздігін бағалау мүмкіндігінің жоғалмауы;
2)Басқа дәрілік құралдармен (дозалармен), заттармен контаминацияланбауы және өздері контаминацияланбауы;
3)Қорғалуы және сыртқы орта факторларының әсеріне ұщырамауы үшін тиісті түрде жинақталған.
Тасымалдау кезінде дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жалған дәрілік заттардың жеткізу тізбегіне өту қаупінің алдын алу үшін қажетті сақтау шарттары сақталады. Тасымалдаудың ерекше жағдайларын талап ететін дәрілік заттарды жеткізу жағдайында көлік құралы температураны бақылауға арналған аспаптармен жабдықталады. Аспаптардың көрсеткіштері тасымалдаудың барлық кезеңінде белгіленеді және құжаттандырылады. Тасымалдау үшін дайындалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар топтық ыдысқа (картон қораптар мен бумалар) қапталады, кейіннен нормативтік құжат талаптарына сәйкес келетін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сыртқы орта факторларынан (атмосфералық жауын-шашын, шаң, күн сәулелері, механикалық зақымдану) қорғауды қамтамасыз ететін көлік қаптамасына (жәшіктер, қораптар, орау қағазы) қапталады.
125)Дәрілік заттар мен препараттардың, фармацевтикалық өндіріс тауарларының сақтау және қолдану мерзімі туралы баяндап беріңіз
Дәрілік заттар мен препараттардың, фармацевтикалық өндіріс тауарларының сақтау мерзімі. Дәрілік заттар мен препараттардың, фармацевтикалық өндіріс тауарларының сақталуы дайын өнімнің шығарылуынан бастап тұтынуға дейінгі тауарлар қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Дәрілік заттар мен препараттардың, фармацевтикалық өндіріс тауарларының сақталуы – қоймалық сақтау бөлмелерде тауарларды орналастыру және олардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында күту үрдістерін қамтиды. Дәрілік заттар мен препараттардың, фармацевтикалық өндіріс тауарларын сақтаудың мақсаты – тауарлардың бастапқы қасиеттерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет