Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


)Галендік препараттар немесе экстракциялық препараттар өндірісіндегі еңбек гигиенасы туралы баяндаңыз



бет41/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à

117)Галендік препараттар немесе экстракциялық препараттар өндірісіндегі еңбек гигиенасы туралы баяндаңыз
Галендік препараттар немесе экстракциялық препараттар – дәрілік препараттардың ерекше тобы. Галендік препараттар биологиялық белсенді заттардың комплексі болып табылады. Барлық экстракциялық препараттарды алудың негізінде өсімдік және жануарлар шикізатынан дәрілік әсері бар заттарды әртүрлі еріткіштерді пайдалана отырып, оларды сығындап бөліп алу процесі жатады. Галендік препараттарды шартты түрде келесі топтарға жіктейді: тұндырмалар мен экстракттар; жаңа галендік препараттар; органдық препараттар; жас өсімдіктер шикізатынан алынған препараттар.
118)Экстракциялық препараттар алудың жалпы технологиялық схемасы қандай сатылардан тұрады
Экстракциялық препараттар алудың жалпы технологиялық схемасы келесі сатылардан тұрады:
-Шикізат пен экстрагентті дайындау;
-Шикізатты экстракциялау немесе сығындылау;
-Алынған сығындыны тазарту;
-Стандартттау.
119)Галендік препараттар өндірісіндегі жұмысшының еңбек жағдайларын сауықтыру шараларын атаңыз
Галендік препараттар өндірісіндегі жұмысшының еңбек жағдайларын сауықтыру шараларына:
-Техникалық процестерді автоматтандыру және механизациялау;
-Қондырғыларды, тасымалдағыштарды және қолданылатын басқа да коммуникацияларды герметизациялау;
-Майдалау, елеу, шикізатты салу және түсіру орындарына жергілікті сору немесе тартып-сору вентиляциясын орнату;
-Зиянды заттардың шығарылуын және шудың көздерін ескере отырып галенді цехтардың орналасуын жоспарлау;
-Жұмыс кезінде жеке басты қорғау құралдарын пайдалану жатады.
120)Дайын дәрілік түрлер өндірісіндегі еңбек гигиенасы жайында не білесіз
Дайын дәрілік түрлерге – ампулалар, таблеткалар, дражелер, капсулалар және т.б жатады.
Таблеткалар – ұнтақтар немесе ұнтақтардың қосымша заттармен қоспасын технологиялық өңдеу арқылы алынатын қатты дозаланған дәрілік түр. Өндірісте шығарылатын таблеткалардың барлығы қосымша заттар қосу арқылы дайындалады, оларды қолдану мақсатына байланысты жіктеледі: -- -Байланыстырғыштар; - -р-- -Ыдыратқыш заттар;
-Толықтырғыштар;
-Бояғыш заттар;
-Әсерін ұзартатын заттар.
Таблетка дайындау үш операциядан тұрады, олар: араластыру, түйіршіктеу, престеу. Таблеткалық цехта жұмыстың барлық сатысында жұмысшыға әртүрлі дәрілік және көмекші заттардың шаңы әсер етеді. Ауадағы шаң химиялық табиғаты бойынша аралас болып келеді, оның максимальді концентрациясы араластыру, түйіршіктеу, түйіршікті кептіру және опалау кезінде жиналады. Кептіру бөліміндегі ыстық температура кептірілген майда дисперсті шаңның ауада ұзақ уақыт сақталуына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет