111)Дәрілік өсімдік шикізаты, оларды жинау ережелері туралы не білесіз Дәрілік өсімдік шикізатын жинау үшін де бірнеше дәрілік заттар жасау үшін оны жинау ережесін білген дұрыс. Дәрілік өсімдік шикізатын жинау үшін: дәрілік өсімдіктерді сыртқы құрылысына қарай тани білу керек; оның өсетін жерін білу керек; дәрі жасау үшін дәрілік өсімдіктің қай бөлігі жарайтынын білу керек. Сонымен қатар жиналған дәрілік өсімдік шикізатын сақтау мен кептіруді де білу керек. Шөптесін өсімдіктерді жинаған кезде өсімдіктің жер үсті бөлігін гүлімен косып төменгі жапырақ жағынан орақпен орып алады. Кейбір биік өсімдіктерді жинағанда гүлдейтін жоғары жақтарын кесіп алады немесе гүлдейтін сабағын ғана сындырып алады. Жапырағы жоқ жуан сабақтарын алудың қажеті жоқ. Себебі, оларда шипалық қасиеті бар заттар өте аз. Және мұндай шикізаттардан дәрі дайындауға болмайды. Егер жинайтын өсімдікте сабағы көп болса, оны кептіріп болған соң жапырағы жоқ сабақтарды тастайды.
112)Дәрілік шикізат сапасына қойылатын талаптар қандай Дәрілік өсімдіктерді жинау бұл тек жұмыстың жартысы, соңғы кептіру кезеңінің маңызы зор. Барлық дәрілік өсімдіктерді кептіру керек. Нашар қолайсыз жерде кептіру шикізаттың сапасына әсер етуі мүмкін. Егер ылғал өте ақырын кептірілген болса, ол екі нәрсеге алып келуі мүмкін. Егер клеткалар ұзақ уақыт бойы тірі күйінде болатын болса, оларда ферменттердің жұмысы жүзеге аса береді, ол әсер етуші заттарды жоғалтуы мүмкін немесе оларды керісінше улы заттарға айналдыруы мүмкін. Ал, екінші жағынан өсуші массаның ұзақ сақталуы дымқыл кезінде микроорганизмдердің дамуына қолайлы болып келеді. Ал, микроорганизмдердің дамуы шикізатты мүлдем кұртуы мүмкін. Кептірудің ең қолайлы әдісі ең тиімдісі ол шатыр астында құрғақ желдету болып табылады, әсіресе темір шатырда бүкіл терезелерін ашып тастап кептіру өте қолайлы. Егер мүмкін болса терезенің біріне кәдімгі бөлме вентиляторын қойып коюға болады. Дәрілік өсімдіктерді шатыр астында кептіру міндетті емес. Кез-келген жел қағатын ғимараттар жарай береді. Мысалы, бос бөлмелер, сарай және т.б., кейде шикізатты күн түспейтін ашық ауада да кептіреді. Кептіру өте ұқыптылықты қажет етеді. Шикізатты құртып алмас үшін оны желден, жаңбырдан корғау керек. Ең бастысы жапырағын, шөбін, гүлін, күнге кептіруге болмайды. Күн түскен кезде ол өзінің бояуымен әсер етуші заттарынан, яғни құнды заттарынан айырылады. Құрамында алкалоид бар тамыр мен тамырсабағын күнде кептіреді. Ал, құрамында гликозидтері бар тамыр мен тамырсабағын күнде кептіруге болмайды. Себебі, құрамындағы гликозидтер ыдырап кетеді. Тамыр мен тамырсабағын бір күннің ішінде кептіріп алуға болмайды және мүмкін емес. Шикізатты түнде қалдырғанда оны шықтан қорғау үшін бетін бір нәрсемен жабу керек, кептіру кезінде тамырларды күніне кетпенмен немесе күрекпен бірнеше рет аударып отыру керек. Жәй кезде шикізатты 3-4 күнде кептіріп алуға болады.