Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


)Дәрілік өсімдік шикізатын жинау үшін қандай ережелерді естен шығармаған жөн



бет39/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à

113)Дәрілік өсімдік шикізатын жинау үшін қандай ережелерді естен шығармаған жөн
Ережелерді естен шығармаған жөн, өйткені дәрілік заттар жасау үшін оны жинау ережесін білген дұрыс. Дәрілік өсімдік шикізатын жинау үшін: дәрілік өсімдіктерді сыртқы құрылысына қарай тани білу керек; оның өсетін жерін білу керек; дәрі жасау үшін дәрілік өсімдіктің қай бөлігі жарайтынын білу керек. Сонымен қатар жиналған дәрілік өсімдік шикізатын сақтау мен кептіруді де білу керек. Жемістері де жапықтары мен гүлдері сияқты құрғақ ауа-райында жиналады. Олардың толық піскен кезеңінде қолмен сындыру арқылы жинайды. Шетен (пижма) және зире (тмин) өсімдіктерінің жемістері зонтиктерінде орналасқандары күйінде жұлып алынады. Кейін кептіріп болған соң таяқшаларынан айырып алады. Жемісті қолмен тазалау арқылы алады. Шіріген жемісті алмайды. Көптеген нәрлі жемістерді (қаражидек, танқурай, бүлдірген) жинау өте қиын, ішінен матамен қабатталған себетке (корзинаға) саламыз, жемістер бір-бірін езіп тастамас үшін әр қабатын жапырақтарымен жабамыз. Бұл кезде жемісті дәрі үшін жинап жатқанымызды ұмытпауымыз керек. Тамырын немесе тамырсабағын күзде немесе жаздың соңында өсімдік гүлдеп болған соң қазып алады. Осы кезде бұларда шипалық қасиеті бар заттар көп болады және олар үлкен, әрі ауыр болады. Тамырды жинау уақытын созып жіберуге болмайды, себебі жапырағы мен жемісі түсіп біткен соң өсімдікті тану өте қиын. Кейбір түрлердің тамыры мен тамырсабағын ерте көктемде қазып алуға болады. Қазу үшін арнайы күрек болу керек.
114)Дәрі жасау үшін дәрілік өсімдіктердің қандай мүшелерін, бөліктерін қолданады
Дәрі жасау үшін дәрілік өсімдіктің қай бөлігі жарайтынын білу керек. Сонымен қатар жиналған дәрілік өсімдік шикізатын сақтау мен кептіруді де білу керек. Шөптесін өсімдіктерді жинаған кезде өсімдіктің жер үсті бөлігін гүлімен косып төменгі жапырақ жағынан орақпен орып алады. Кейбір биік өсімдіктерді жинағанда гүлдейтін жоғары жақтарын кесіп алады немесе гүлдейтін сабағын ғана сындырып алады. Жапырағы жоқ жуан сабақтарын алудың қажеті жоқ. Қазақстандағы кейбір дәрілік өсімдіктерді жинаудың жылдық мөлшері туралы мәлімет бар. Жалпы дәрілік өсімдіктің жер үсті мүшелерін тек ауа-райы құрғақ кездерде ғана жинайды. Ескеретін нәрсе, шаң басқан немесе әртүрлі шыбын-шіркейлермен жарақаттанған немесе тат саңырауқұлақтарымен ауырған дәрілік өсімдіктерді жинауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет