Лекция №1 Тақырыбы



бет1/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
кож лекция


Лекция №1
Тақырыбы: Улы заттар олардың организмге әсерлері туралы түсінік
Организмге улы заттардың түсуінен пайда болатын аурулар уланулар деп аталады. Ондай улы заттар мал организмміне әртүрлі көздерден түсуі мүмкін: азыққа қолданылатын өсімдіктердің құрамындағы улардан; ауыршаруашылығында, құрылыстарда қолданылатын улы химикаттардан; өндірістің улы қалдықтарынан және т.б. Улы заттар азықтарды дұрыстапдайындалмағанда, дайындалған азықтарды дұрыс сақталмағанда және дер кезінде бермегенде де пайда болуы мүмкін№ мысал ретінде өсімдіктердің ауруларымен, оларға зиянды жәндіктермен күресуде қолданылатын улы химикаттарды дұрыс пайдаланбағанда, оларды дұры\с сақтамағанда олардың мал азығымен, сумен араласып, олар арқылы организмге түсіп малды уландырудын келтіруге болады.
Көптеген заттардың улылығы әртүрлі жағдайларға байланысты болып келеді: оның организмге түскен мөлшеріне, басқа да улы заттармен қоса әсер етуіне, малдың өзінің жалпы жағдайына және т.б. Кейбір өте күшті улы заттардың (кушәла) белгілі бір мөлшері емдік әсер ететінін; ал организмге пайдалы кейбір заттардың (ас тұзы) көп мөлшері уландырып, малды өлім – жітімге ұшыратуы мүмкін екеін естен шығармаған жөн.
Көптеген улы заттар сыртқы ортада өте жай ыдырайды да топырақта, өсімдіктерде, жануарлардың (малдың, балықтардың, аралардың)организмдерінде көпке дейін сақталады.
Малдардың организмінің әртүрлі улардың әсерлеріне сезімталдығы олардың түр ерекшкліктеріне, әсіресе организмінің жалпы жағдайына тікелей байланысты болып келеді. Мысал ретінде белоктың, көмірсутегінің, витаминдер мен минералды заттардың жетіспеушілігінің салдарынан зат алмасуы бұзылған организмнің жиірек уланғыш келетінің келтіруге болады.
улы заттар организм торшаларымен түйілісіп олардың ішіне енгеннен кейін, торша протоплазмасымен байланысып, олардың молекулалық құрылысын және қызметін бұзады. Бұл құбылыс организмдегі жалпы зат алмасу процесін өзгертіп, оның ең негізіг, өмірге қажетті жағдайларын бұзады. Улардың әсерлері жергілікті және жалпылай болып келеді. Олар жалпы организмге рефлекс және қанарқылы әсер етеді. Кейбір улар белгілі бір ағзалар мен тіндерге таңдамалы түрде әсер етулері де мүмкін.
Улы заттардың мал организміне әсерлері негізгі бір заңдылыққа бағынады:
1.Удың әлсіз әсері торшалар мен ағзалардың қызметтерін қоздырады;
2.Орташа әсері – тітіркендіреді;
3.Қатты әсері – қинайды, әлсіретеді;
4.Өте қатты әсері – салдандырады.
Улы заттардың әсерлері олардың ерігіштік қасиеттеріне тікелей байланысты. Суда жақсы еритін улы ас қорытусөлдерінде де жақсы ериді де, ондай улардың әсері, әсіресе орталық жүйке жүйесінің қызметіне, тез білінеді. Сондай – ақ, егер малдың асқазанына асқа толы болса, онда удың сінуі де, әсері де жай болады. Кей кезде ас қорыту жүйесідегі ас қалдығының құрамына байланысты усыздану процесінің жүруі де мүмкін.
Өсімдіктердің улылығы олардың өсу ортасына, климат жағдайына, даму сатысының деңгейіне тікелей байланысты болып келеді. Мысалы у тамырдың улылығы басқа жыл мезгілдеріне қарағанда жазғытұрым күштірек білінеді. Кейбір өсімдіктердің улылығы күн көзінің сәулесінің әсерінен күшейе түседі.
Малдардың түрлері улы заттардың әсерлеріне әртүрлі реакция береді. Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін улардың әсері жүйке жүйесінің жетілуі жоғары сатыдағы малдарда басымырақ байқалады. Мысалы кекіремен жылқылар уланады, ал ірі қара малы уланбайды. Үй жануарларын улардың әсеріне сезімталдығына қарай мынандай қатарға тізуге болады: есек, қашыр, жылқы, мысық, ит, шошқа, үй құстары, ірі қара, қой мен ешкі және қоян.
Мұндай ерекшелікті төмендегі жағдайлар мен түсіндіруге болады:
1. Өсімдік улардың негізінен орталық жүйке жүйесіне әсер етумен. Есек, жылқы малдарының жүйке жүйелері басқа малдарға қарағанда жақсы жетілген.
2.Әртүрлі малдардың ас қорыту жүйелерінің құрылыстарының ерекшеліктерімен. Бұл жерде бір камералы және көп камералы ас қорыту ағзаларының ролі өте зор.
Бірақта мұндай заңдылық барлық кездерде бірдей сақтала береді деуге болмайды. Кей кезде тиісті жағдайларға байланысты өзгерістердің болуы да мүмкін.
Уланулар жас төлдер мен кәрі малдарыдң арасында жиі кездеседі. Оны малдың жасына байланысты болатын физиологиялық өзгерістерімен түсіндіруге болады. Мысалы, төлдердің жиі улануын олардың жүйке жүйелерінің малдың жалпы салмағына қатысы ірі малдарға қарағанда әлдеқайда жоғарылығымен түсіндіруге болады. Сондай – ақ малдардың тезулануына ас қорытужүйесі мен бауыр аурулары да өз әсерлерін тигізеді. Сүт беретін малдардың улануы басқа малдарға қарағанда сирек кездеседі. Оны организмге түскен улы заттардың аздап болсада сүтпен бөлінуімен түсіндіруге болады. Мысал ретінде сүт беретін малдардың өздері уланбай, сүт арқылы төлдерінің улануын келтіруге болады.
Малдардың улы заттарға дағдыланып, үйренуін жиі бақылауға болады. Кейбір жағдайларда улы заттар аз мөлшерде ұзақ уақыт организмге түскенде оған организмінің дағдыланып, тіпті ол зат уланатын мөлшерде түссе де, малдың уланбауы мүмкін. Мысалы, жергілікті абориген малдардың кейбір улы шөптерді көп жеседе уланбауы, ал ол шөпті жеген жаңадан басқа жақтан әкелінген малдардың улануы дәлел.
Улы заттар көбінесе бір мезгілде организмінің көптеген жүйелері мен ағзаларына бірден әсер ететіндіктен уланудың даму процесі өте күрделі түрде жүреді. Улы химикаттар мен улы өсімдіктердің көбінің әсері организмдегі ферменттердің қызметін әлсіретуімен сипатталады. Кей кезде улы зат бір ферменттің әсерін әлсіретсе, екінші бір ферменттіңәсерін керісінше күшейтуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет