2. Улануларды емдеу үлгісі және сақтандыру шаралары. Улануларда уландырғыш зат белгілі болса, оларды емдеу нәтижесі де жақсы болады. Қалай болғандад даулануларды емдеуді төмендегідей үлгіні пайдалана отырып жүргізгенде жақсы нәтиже алуға болады:
Организмге улы заттың түсуін тоқтату. Ол үшін күдікті азықты малға бермеу, малды ашықтыру диетасына көшіру, суды ішкенше беру керек. Су организмдегі удың концентрациясын азайтып, тезірек бейтараптануына әсер етеді. Жылы суға көмір араластырып бергенің нәтижесі жақсы. (1 литр суға малдың 100 кг салмағына есептеп 40-50 гр көмір салады).
Асқазанды, күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарын улы заттардан тазалайды. Ол үшін шошқалар мен иттерді құстырады: терінің астына 0,01-0,03 гр вератринді 5 мл спиртте ерітіп немесе апоморфинді жібереді. Зондты қолдана отырып сумен тазалап жуады. Улы заттардың антидоттарын береді. Сіңіргіш заттар – танинді, белсендірілген көмірді сүтті белокты суды (1 стакакн суға тауықтын бір жұмыртқасының белогын ерітеді), кілейгелі қайнатындыны, емен қабығының, жапырағының, шалфей шөбінің тұнбаларын қолданады;
Ішектерді удан тазалау үшін іш өткізетін тұздарды қолданғанның нәтижесі жақсы. Жасанды карловар тұзын, қышқыл магний тұзын, англия тұзы деп те аталады және т.б. қолданады. Кілегейлі тұнбалар береді, терең клизма жасайды. Улы заттар өз бойларына сіңіретін ақ балшық, күйдірілген магнезий және т.б. қолдануға болады;
Қанға сіңнген улардан организмді тазалау үшін зәр шығаратын – меркузал, диуретин, йодты калий препараттарын; тер шығаратын дәрілік заттарды қолданады;
Улануды даму сатысына байланысты қолданалатын емдер- патогенехдік емдер деп аталады. Ол үшін организмнің резистенттік қабілеттілігін жоғарлататын; жүйке жүйесіне, дем алу, зат алмасу, қан айналу процесстерін реттейтін емдеу әдістерін қолданады,
Уланудың клиникалық белгілеріне қарсы күреседі.
Уланулардың аяқ астынан, кеннетен пайда болуына бірден көп бас малдың ауруына байланысты шаруашылықтардағы емдеу дәріханаларында улануға қарсы қолданылатын аспаптар мен дәрілік заттардың қорлары жеткілікті мөлшерде болулары керек. Ондай керекті дәрілік заттардың түрлерін әр жердің жағдайына байланысты малдәрігерлері күні бұрын анықтап қояды. Айына бір рет оларды тексеріп, толықтырып отырады.
«Ауруды емдеуден оның алдын алу әлдеқайда тиімді» - деген қағида улану ауруларына дәл айтылған ба дейсін. Шынында да алдын ала барлық жағдайларды ескергенде, улануды болдырмауға малдәрігерлерінің толық мүмкіншіліктері бар. Олар:
Малдың азықтарын дайындау және оларды дұрыс сақтау технологиясын қадағалау;
Малдарды дұрыс азықтандыру. Улы химикаттарымен ластанған азықтарды дер кезінде рационнан аластап отыру;
Жайлым мен суаттардың жағдайларын үнемі тексеріп отыру. Әрбір шаруашылықтың жайлымы жөнінде карта – кесте жасап, онымен малға қатысты адамдарымен таныстыру;
Жайылымдағы, жалпы шаруашылық аймағындағы улы өсімдіктерді жоюды ұйымдастыру;
Малшылардың, бақташылардың, жалпы мал күтіміне қатысыт адамдардың арасына улы өсімдіктер, уланудың ерекшеліктері және олардан сақтандыру шаралары туралы үгіт – нәсихат жұмыстарын жүргізу;
Улы химикаттарды, тынайтқыштарды сақтау жөнінде агрономдармен тығыз байланыста болу. Олардың сақталу ережесінің дұрыс орындалуын қадағалау;
Улы заттар сақталған ыдыстармен, тасылған көліктермен малдардың азығын тасымалдамау,
Малдәрігерлерінің өсімдіктерді қорғау станциясымен, қоғамдармен тығыз байланысты болу;
Әсіресе тұқымдарды өндегенде өте сақ болу, уландырылған тұқымының мал азығына кетіп қалмауын қадағалау;
Жаңадан алынған мал азығын мұқият тексеруден өткізу. (ГОСТ-қа сәйкестігі, паспорттың болуы). Күдікті азықты бақылау тобындағы малдарға аздап беру арқылы тексеру;
Малдәрігерлері өздеріне қарасты малдар жайылатын жерлердің өсімдіктерінің құрамын, ботаникалық сипаттамасын тексерін, біліп отыруға міндетті. Улы өсімдіктердің гербарийларын дайында, олардың көрнекті жерде ұстаулары керек. Олардың қысқаша сипаттамасын келтіреді.
Құнарсыз, бұзылған, көгерген, жағымсыз иісті, түсі өзгерген азықтарды малдарға беруге болмайды. Оларды мұқият тексеруден өткізіп өндегеннен кейін, малдәрігерлерінің рұқсатымен ғана малдардың рационына кіргізуге болады.