Лекция №1 Тақырыбы


Қ ара алқа – Паслен черный – Solanum nigrum L



бет51/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
кож лекция

Қ ара алқа – Паслен черный – Solanum nigrum L. Биіктігі 30-50 см, жұмыртқа тәріздес үшбұрышты келген жапырағы бар, катоптың гүліне ұқсас ақ түсті гүлі бар, піскен кезде қара түсті дәнді, аздаған жағымсыз иісті бір жылдық өсімдік.
Өсімдіктің жер бетіндегі барлық бөлігінде улы зат – глюкоалкалоид соланин болады. Ашық жерде, күннің көзі тікелей түскенде өсімдіктің улылығы жоғары болады. Өсімдіктің піскен дәнінде соланин жоқ десе де болады.
Соланиннің тітіркендіргіш қасиеті бар. Уланған шошқалар құсады, барлық малдарда ас қорыту жүйесінің ағзаларында қабыну процесін тудырады. Организмге сіңгеннен кейін бүйректер, орталық жүйке жүйесі, тыныс алу ағзалары, жүрек жарақаттанады. Бастапқыдағы қозу процесі қажу, әлсіреумен алмасады. Бұлшық еттердің тартылуы байқалады.
Соланин қанға әсер етеді: қызыл қан түйіршіктері ериді, зәр қызыл түске боялады. Күйіс қайыратын малдардың іші кебеді, ас қорыту түтікшесі жарақаттанады, мал ұйқылы-ояу, рефлекстері әлсіреген, бұлшық еттерінің дірілі байқалады. Дем алысы бастапқыда аздап жиілегенімен, артынан сирейді. Уланған мал тұншығып өледі.
Емі картоппен уланғандағыдай.
Д әрілік авран – Авран лекарственный – Gratiola officinalis L.
Аса биік емес, тамырлы, бас жағы төртқырлы болып келген бұтақты сабағы бар өсімдік.
Улы заты – гликозид грациолин. Осы күнге дейін толық анықталмаған басқа да улы заттар бар деген пікірлер бар. Ол ас қорыту жүйесінің кілегей қабығын қатты тітіркендіреді. Сондықтан да ол өте күшті іш өткізетін дәрілердің қатарына жатады. Уланған малдардың ас қорыту жүйесінде геморрагиялық қабыну да байқалған. Көбініесе улану жылқылар мен ірі қара малдарының арасында тіркелген. Өсімдікті кептіргенде оның улылығы жойылмайды.
Емдеу процесі уланудың клиникалық белгілеріне қарсы бағытталады.
Лекция 11
Тақырыбы:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет