Лекция №1 Тақырыбы


І рі қара малының қант қызылшасымен улануы – Отравления крупного рогатого скота сахарной свеклой



бет14/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51
Байланысты:
кож лекция

І рі қара малының қант қызылшасымен улануы – Отравления крупного рогатого скота сахарной свеклой. Қант қызылшасында азот қышқыл тұздарынан, белгілі бір жағдайда, азотқышқыл қосылыстары – нитриттер түзіледі. Сонымен қатар қант қызылшасының құрамында 0,14-0,19 % мөлшерінде сапониндер болады. Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде малдардың улануы организмге қалыптан тыс қанттың келуінен болатыны дәлелденген. Солай бола тұрса да, қант қызылшасындағы нитриттер мен сапониндердің де әсерлерін ескерген жөн.
Мысалы, егер сиырға 12-15 кг қант қызылшасы берілсе, онда одан организмде 4-5 кг таза қант түзіледі екен. Ал күйіс қайыратын малдардың организмінде, дәлірек айтқанда месқарында, ондағы микроорганизмдердің ферменттерінің әсерінен крахмал, қант тәрізді көмірсутектерінен ұшатын май қышқылдары – пропион, сірке, май; түзіледі. Бұл процестің аралық метаболиті ретінде сүт қышқылы түзіледі. Ал белгілі бір себептерден организмде қант көп түзілген жағдайда ол толығымен ақырғы өнім - ұшатын май қышқылдарына айналып үлгермейді де, организмде көп мөлшерде сүт қышқылы шоғырланады. Соның салдарынан месқарындағы жынның қышқылдығы жоғарылайды. Ондай жағдайда ол ортадағы рН 3,7-4,0 –ке дейін төмендейді. Мұндай ортада микрофлора қалыпты өмір сүре алмайды. Олардың қызметі нашарлағандықтан алдыңғы қарыншақтардағы ас қорыту процесі бұзылады. Алдыңғы қарыншақтарда гипотония, атония белгілері пайда болады. Ары қарай сүт қышқылы қанға түседі, организмдегі сілтілік-қышқылдық тепе-теңдік бұзылады, ацидоз туындайды. Міне осыдан барып, негізінен сүт қышқылымен улану процесі дамиды.
Уланған сиырлардың жалпы күйі нашар, месқарынның жирылуы әлсіз, көбінесе атония анықталады. Соның салдарынан месқарында жын жатып қалады, кейде газ бөлініп, тимпанияға апарып соғуы мүмкін. Уланған малдың дем алысы ауырлайды, жүректің жұмысы нашарлайды. Лабораториялық зерттегенде қандағы сүт қышқылының мөлшері қалыпты жағдайдағы 6-18 мг % -тің орнына 90-105 мг %-ке дейін жетеді, кетон заттары көбейеді, гипергликемия, гликозурия анықталады.
Өлекседегі өзгерістер. Ішектердің кілегей қабықтарында қабынудың белгілері бар. Бүйректердің милы қабаты қызарған, уроцистит.
Клиникалық белгілері. Уланған сиыр әлсіз, азыққа қарамайды, шөлдегіш келеді. Месқарынның жирылуы анықталмайды – атония, керісінше ішектердің жирылуы үдей түседі. Қан аралас іштің өтуі байқалады.
Улану көбінесе жіті түрінде анықталады. Уланған мал әлсіреп, жүректің жұмысы нашарлап барып өлім-жітімге ұшырайды.
Емі. Рациондағы қант қызылшасын алып тастайды. Месқарынға 5 л мөлшерінде марганец қышқыл калий ерітіндісін (1:1000) құяды. Оны 1-2 % соданың ерітіндісімен жууға болады. Бұл ерітіндіні ауыз қуысы арқылы беруге де болады. Венаға 100-140 мл 0,5 % новокаин ерітіндісін; 5-10 % хлорлы натрий ерітіндісін 50 мг/кг мөлшерінде жібереді. 150-200 Бірлік инсулинді терінің астына, глюкозаны венаға жіберуге болады. Жүректің жұмысы нашарлағанда терінің астына кофеин ерітіндісін жібереді.
Сақтандыру шаралары. Ірі қара малына қант қызылшасын беру жөніндегі нұсқауды қатаң сақтау керек. Бірден 12 кг-нан артық беруге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет