Лекция №1 Тақырыбы


З ең саңырауқұлақтарымен зақымданған азықтармен улану – Отравления кормами, пораженными плесневыми грибами



бет17/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
кож лекция

З ең саңырауқұлақтарымен зақымданған азықтармен улану – Отравления кормами, пораженными плесневыми грибами.

Зең саңырауқұлақтарының ішінде қалталы (Aspergillus), жасыл (Penicillinum) және басты (Mucor) саңырауқұлақтар мал азықтарын жиі жарақаттайды. Әсіресе ылғалдылығы жоғары және ауа жеткіліксіз жерлерде сақталатын азықтар, олардың ішінде әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктердің шөбі мен сабаны, жиі зақымданады. Ондай азықтардың түсі қараяды, жағымсыз иіс пайда болады, қышқылдығы жоғарылайды.


Зең саңырауқұлақтарының кейбір түрлерінің улы заттары алкалоидтар болып келеді. Көбінің улылығының негізі жете зерттелмеген. Бірақта, саңырауқұлақтардың зат алмасу процесін бұзатынын, соның салдарынан организмде улы заттардың түзілетінін; зең саңырауқұлақтарымен зақымданған азықтарда шіру процесін қолдайтын қоздырғыштардың тез дамитынын естен шығармау керек. Сондай-ақ, зең саңырауқұлақтарының улылығы тек олардың спора түзетін кезінде болатынын ескерген жөн.
Көгерген азықтармен улану жылқыларда жиі, ал ірі қара мен қойлардың арасында сирек кездеседі. Тауықтар, қаздар, үйректер де уланады.
Зақымданған азықтың улылығы зең саңырауқұлақтарының түріне, вируленттігіне, мал организмінің физиологиялық жағдайына, жеке малдардың организмінің резистенттілігіне, азықтың зақымдану деңгейіне, малдың оған дейінгі азықтануына және т.б. жағдайларға тікелей байланысты болады. Осыған байланысты уланудың белгілері де сан алуан болып келеді. Нақтылы диагноз қою үшін малдың азығын мұқият тексеру керек.

Улану жылқыларда үш түрлі болып келеді: өкпелердің, ішектердің және мидың басымырақ зақымдануларына байланысты. Қалай болғанда да, негізгі клиникалық өзгерістер жіті түрдегі гастроэнтерит пен ауыр түрдегі жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуының төңірегінде сипатталады. Уланған мал азық қабылдамайды, ауыз қуысынан сілекей ағады, жұтқыншақтың тұсында ауырсынғандық байқалады, мойын тұсындағы лимфа түйіндері ұлғаяды, бас пен мойын бұлшық еттері тартылады, іші өтеді, нәжіс жағымсыз иісті, дем алысы жиілейді, тамыр соғысы әлсіз, дене қызуы көтеріледі, бүйректер мен қуық қабынады, артқы жағы салданады, мал шатқаяқтап қозғалады, көздің қарашығы ұлғаяды. Сиырлардың іші кебеді, сүт бермейді. Буаздығының соңғы айларында уланған аналық малдарда іш тастау байқалады. Уланудың жіті және созылмалы түрлерін ажыратады.
Зең саңырауқұлақтарымен уланулардың ішінде жылқылар мен шошқаларда аспергиллотоксикоз жиі анықталады.
Өлекседегі өзгерістер. Жіті түрде уланған жылқының өкпелері ісінген, ас қорыту жүйесінің ағзаларында геморрагиялық қабыну, нефрит, цистит, бауырдың сары атрофиясы, көкбауырда нүктелі геморрагия.
Шошқаларда геморрагиялық диатездің белгілері анықталады, ас қорыту жүйесінің ағзаларында катаральды қабыну, паренхиматозды ағзаларда дистрофиялық өзгерістер.
Емі. Уланған малдарды емдеу таза ғана клиникалық белгілеріне қарсы жүргізіледі. Бірінші кезекте ондай азықты рационнан алып тастайды. Одан кейін уланған малдың ас қорыту жүйесін тазалап, жуады. Ол үшін зонд, жылы су, зарарсыздандыратын әлсіз концентрациялы ерітінділер, іш өткізетін дәрілік заттар қолданылады. Кілегейлі тұнбалар, байланыстырғыш дәрілік заттар кеңінен пайдаланылады. Керек болған жағдайда жүректің жұмысын жақсартатын препараттар қолданылады.
Сақтандыру шаралары. Көгеріп, бұзылған азықтарды малға бермеу керек. Тіпті болмаған жағдайда өте сақтықпен ғана қолданған жөн. Мал азығы аздап зақымданған кезде ол азықты араластырып, қағып, сілкіп, күн көзіне кептіргеннің өзі жеткілікті болуы мүмкін. Бірақ қатты зақымдаған азыққа бұл жеткілікті емес. Ондай жағдайда азықты булап немесе сілтінің ерітіндісімен өңдеген жөн. Әдеби деректерге сүйенсек 90º және одан жоғарғы температура зең саңырауқұлақтарын 1-2 минутта өлтіретін көрінеді, ал күйдіргі сілтінің 0,5-1 % ерітіндісі оларды 30-60 минуттың ішінде жояды. Зақымданған азықты известің ерітіндісімен өңдегенде азық зарарсыздандырылып қана қоймайды, сонымен қатар оның жұғымдылығы да артады. Мысалы, сабанды осылай өңдеу үшін известің 1 %-ды ерітіндісіне 200-300 г тұз қосып, онда өңделетін сабанды бір тәулікке қалтырады. Содан кейін сұйығын ағызып жібереді де, сабанды азық ретінде қолданады. Мұндай әдісте 100 кг қатқыл азыққа 250-300 л известің ерітіндісі кетеді екен.
Кейбір жағдайда биологиялық бақылау жүргізіп алуға болады. Ол үшін онша құнды емес бірнеше бас малға бірнеше күн азықты береді де, клиникалық бақылау жасайды.
Жалпы мал азығын дайындау кезінде оның технологиясын дұрыс сақтағанда (жақсылап кептіру; шөпті дұрыс маялау; малдың жемін құрғақ, желдетілген, салқын жерде сақтау) онда зең саңырауқұлақтарымен зақымдану болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет