Лекция №1 Тақырыбы


Майкене күнжарасы – Жмых клещевины



бет11/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Майкене күнжарасы – Жмых клещевины.
М айкене күнжарасының және тұқымының улылығы туралы әдебиетте және тәжірибе жүзінде көптеген деректер бар. Майкененің тұқымының 2 г/кг мөлшері ірі қара малы үшін, 40 г/кг мөлшері құстарға, 30-50 г мөлшері жылқыларға, 20 г бұзауларға, 30 г қойларға, 60 г шошқаларға оларды өлтіретін дозасы көрінеді. Азықтың құрамында майкененің тұқымының 0,2 % болуы малды қатты уландырады. Оған өте сезімтал ешкілер (105-140 г мөлшері оларды өлтіреді) және тауықтар (өлтіретін дозасы 18 г). Өсімдіктің тұқымынан басқа жер бетіндегі барлық бөліктері де улы болып келеді.
Өсімдіктің улы заттары токсальбумин рицин және алкалоид рицинин. Рицин өсімдіктің тұқымының ядросында 3 %-ға дейін, ал рецинин 0,3 %-ға дейін болады. Рицин өте күшті улы заттардың қатарына жатады. Оның 0,02 г мөлшері адамды өлтіріп жібереді. Майкененің күнжарасында оның мөлшері 3 %-ға дейін жетеді.
Рицин қанның құрамындағы эритроциттерде агглютинация тудырады, соның салдарынан капиллярларда қан айналысы бұзылады: тромба және қанның құйылуы байқалады. Осыдан барып көптеген ағзалардың қызметтері бұзылады.
Уланудың клиникалық белгілері 12-16 сағаттан кейін, кейде тіпті одан да ерте біліне бастайды. Улану көбінесе жіті түрде өтеді. Негізгі клиникалық белгілері рициннің қанға әсерінен туындайды: геморрагиялық гастроэнтерит, күшті шаншу құбылысы, қанды іш өту. Ары қарай уланған мал әлсірейді, жүректің жұмысы нашарлайды, діріл, салдану, оглум. Жылқыларда жүйке жүйесінің қызметінің бұзылғаны байқалады: алғашқыда мал жабығыңқы, артынан тынышсыздана бастайды, жүрісі шатқаяқтанып, кейде қатты қозады. Ерекше клиникалық белгісіне ықылықтың пайда болуын жатқызуға болады. Ондай ықылық жиі және бірнеше күн қатарынан байқалады.
Дене қызуы көтеріледі, дем алысы жиілейді және қиындай түседі. Кілегей қабықтары қызарған, аздап сарғаяды. Жылқыларда қорқыныш белгісі байқалады: көзінің қарашығы ұлғайған, басы мен мойны созылған, тұрысы сау малдың қалыпты жағдайдағы тұрысына ұқсамайды. Қатты уланғанда жылқы жатқан күйіде басын еденге соққылайды, іш жағына қарай береді, тұруға ұмтылады, бірақ қайтадан құлайды. Кейде ит құсап шоқиып отырады. Мал өлер алдында дене қызуы төмендейді, барлық сезімталдық реакциялары жоғалады, жүректің жұмысы күрт нашарлайды, мал әлсіреп барып өледі. Қатты кланған мал 1-2 күннің ішінде өлім-жітімге ұшырайды. Өлмеген жағдайда малдың жазылуы өте жай, 1-2 жұмаға созылады.
Жылқыларға қарағанда ірі қара малының улануы әлдеқайда жеңілдірек болады. Әдебиетте қойлардың көптеп уланатыны туралы деректер бар. Олар қатты уланғанда клиникалық белгілері жылқылардікіндей болады.
Өлексені сойғанда негізгі өзгерістер ас қорыту жүйесінің ағзалары мен паренхиматозды ағзаларда анықталады.
Мал организмінің рецинге үйреншіктілігі туралы деректер бар. П.Эрлихтің ойынша рицин мал организмінде антитоксин түзетін көрінеді.
Емі негізінен уланудың клиникалық белгілеріне қарсы жүргізілетін әдістер. Ас қорыту жүйесін тазалау әдістері: жуу, іш өткізу, құстыру және т.б.. Марганец қышқыл калийдің әлсіз ерітіндісі, танин, кілегейлі, ұйытқыш дәрілік заттар, жүрек дәрілері жақсы көмектеседі. Зәр шығаратын, ауырсынғандықты басатын дәрілік заттарды клиникалық көрсетілуге қарай қолданады.
Сақтандыру шаралары. Бірінші кезекте майкененің ұрығын усыздандыру әдістерін пайдалану керек. Ол үшін майкененің ұрығын 6 рет 10 %-ды ас тұзының ерітіндісімен жуады да, ерітіндіні төгіп тастайды. Автоклавта буландыру арқылы да усыздандыруға болады.
Қалай болғанда да майкене күнжарасындағы рициннің мөлшерін анықтап отыру керек. Ол үшін эритроциттердің агглютинациясына бейімделген арнайы әдіс бар. Ол туралы арнайы бөлімде деректер келтіріледі.
Сондай-ақ зығыр, кедір, соя және бұршақ тұқымдас өсімдіктердің күнжараларымен улану да кездеседі. Ондай уланулар көбінесе жергілікті шаруашылықтардың бағытына байланысты болады. Олардың клиникалық барысы, емдеу және сақтандыру шаралары жоғарыда келтірілген күнжаралармен улануларға сәйкес болатындықтан қайталай беруді жөн көрмедік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет