Сақтандыру шаралары
Улануларда уландырғыш зат белгілі болса, оларды емдеу нәтижесі де жақсы болады. Қалай болғанда да улануларды емдеуді төмендегідей үлгіні пайдалана отырып жүргізгенде жақсы нәтиже алуға болады:
Организмге улы заттың түсуін тоқтату. Ол үшін күдікті азықты малға бермеу, малды ашықтыру диетасына көшіру, суды ішкенінше беру керек. Су организмдегі удың концентрациясын азайтып, тезірек бейтараптануына әсер етеді. Жылы суға көмір араластырып бергеннің нәтижесі жақсы. (1 литр суға малдың 100 кг салмағына есептеп 40-50 г көмір қосады);
Асқазанды, күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарын улы заттан тазалайды. Ол үшін шошқалар мен иттерді құстырады: терінің астына 0,01-0,03 г вератринді 5 мл спиртте ерітіп немесе апоморфинді жібереді. Зондты қолдана отырып сумен тазалап жуады. Улы заттардың антидоттарын береді. Сіңіргіш заттар – танинді, белсендірілген көмірді, сүтті, белокты суды (1 стақан суға тауықтың бір жұмыртқасының белогын ерітеді), кілегейлі қайнатындыны, емен қабығының, жапырағының, шалфей шөбінің тұнбаларын қолданады;
Ішектерді удан тазалау үшін іш өткізетін тұздарды қолданғаннның нәтижесі жақсы. Жасанды карловар тұзын, күкірт қышқыл магний тұзын – англия тұзы деп те аталады және т.б. қолданады. Кілегейлі тұнбалар береді, терең клизма жасайды. Улы заттарды өз бойларына сіңіретін ақ балшық, күйдірілген магнезий және т.б. қолдануға болады;
Қанға сіңген улардан организмді тазалау үшін зәр шығаратын – меркузал, диуретин, йодты калий препараттарын; тер шығаратын дәрілік заттарды қолданады. Қан ағызады;
Уланудың даму сатысына байланысты қолданылатын емдер – патогенездік емдер деп аталады. Ол үшін организмнің резистенттік қабілеттілігін жоғарылататын; жүйке жүйесіне, дем алу, зат алмасу, қан айналу процестерін реттейтін емдеу әдістерін қолданады;
Уланудың клиникалық белгілеріне қарсы күреседі.
Уланулардың аяқ астынан, кенеттен пайда болуына және бірден көп бас малдың ауруына байланысты шаруашылықтардағы емдеу дәріханаларында улануға қарсы қолданылатын аспаптар мен дәрілік заттардың қорлары жеткілікті мөлшерде болулары керек. Ондай керекті дәрілік заттардың түрлерін әр жердің жағдайына байланысты малдәрігерлері күні бұрын анықтап қояды. Айына бір рет оларды тексеріп, толықтырып отырады.
«Ауруды емдеуден оның алдын алу әлдеқайда тиімді» - деген қағида улану ауруларына дәл айтылған ба дейсің. Шынында да алдын ала барлық жағдайларды ескергенде, улануды болдырмауға малдәрігерлерінің толық мүмкіншіліктері бар. Ол қандай шаралар ? Міне енді соған тоқталайық. Олар:
Малдың азықтарын дайындау және оларды дұрыс сақтау технологиясын қадағалау;
Малдарды дұрыс азықтандыру. Улы химикаттармен ластанған азықтарды дер кезінде тационнан аластап отыру;
Жайылым мен суаттардың жағдайларын үнемі тексеріп отыру. Әрбір шаруашылықтың жайылымы жөнінде қарта-кесте жасап, онымен малға қатысты адамдарды таныстыру;
Жайылымдағы, жалпы шаруашылық аймағындағы улы өсімдіктерді жоюды ұйымдастыру;
Малшылардың, бақташылардың, жалпы мал күтіміне қатысты адамдардың арасында улы өсімдіктер, уланудың ерекшеліктері және олардан сақтандыру шаралары туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
Улы химикаттарды, тыңайтқыштарды сақтау жөнінде агрономдарме тығыз байланыста болу. Олардың сақталу ережесінің дұрыс орындалуын қадағалау;
Улы заттар сақталған ыдыстармен, тасылған көліктермен малдардың азығын тасымалдамау;
Малдәрігерлерінің өсімдіктерді қорғау станциясымен, қоғамдарымен тығыз байланыста болуы;
Әсіресе тұқымдарды өңдегенде өте сақ болу, уландырылған тұқымның мал азығына кетіп қалмауын қадағалау;
Жаңадан алынған мал азығын мұқият тексеруден өткізу (ГОСТ-қа сәйкестігі, паспортының болуы). Күдікті азықты бақылау тобындағы малдарға аздап беру арқылы тексеру;
Малдардың минералды, витаминді азықтармен толық қамтамасыз етілуін қадағалау;
Малдәрігерлері өздеріне қарасты малдар жайылатын жерлердің өсімдіктерінің құрамын, ботаникалық сипаттамасын тексеріп, біліп отыруға міндетті. Улы өсімдіктердің гербарийлерін дайындап, оларды көрнекті жерде ұстаулары керек. Олардың қысқаша сипаттамасын келтіреді.
Құнарсыз, бұзылған, көгерген, жағымсыз иісті, түсі өзгерген азықтарды малдарға беруге болмайды. Оларды мұқият тексеруден өткізіп өңдегеннен кейін, малдәрігерінің рұқсатымен ғана малдардың рационына кіргізуге болады.
Лекция 5
Тақырыбы: Дұрыс дайындалмаған, уақытында
Достарыңызбен бөлісу: |