Доклад Пәні: Терапия негіздері. Тақырыбы: Несеп бөлу жүйесіне катетор енгізу. Орындаған: Көлбаев. Б



бет1/2
Дата21.05.2022
өлшемі98 Kb.
#144404
түріДоклад
  1   2
Байланысты:
доклад т


Мұхтар Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан университеті
Аграрлық факультеті: Ветеринариялық медицина кафедрасы
Доклад
Пәні: Терапия негіздері.
Тақырыбы: Несеп бөлу жүйесіне катетор енгізу.

Орындаған: Көлбаев.Б
Тобы: Ап-19-8к2
Қабылдаған: Тұтқышбаев. И
Шымкент 2022ж.

Жоспары:
1. Кіріспе. Жалпы түсінік.
2. Катетрді жануарларға енгізу жолдары.
3. Қуықты зерттеу.


Несеп бөлу жүйесіне катетр енгізу.
Катетрді қуыққа уретра арқылы енгізуді. Негізгі себебі, оның толу мөлшерін анықтау немесе тексеруге несеп алу және емдеу үшін қажет.Малға катетеризация жүргізу үшін, темірден, резенкеден немесе әртүрлі малға арналған желімнен жасалған катетерлер қолданылады. Ұрғашы малда катетеризация жасау үшін мықты (темірден жасалған) катетер, ал еркек мал үшін-майыспалы катетер қолданған жақсы. Қуыққа катетеризация жасаған кезде барлық асептика және антисептика ережелерін сақтаған дұрыс. Катетеризация кезінде малды мықтап байлау керек. Асау, тынымсыз малға енгізгенде өте сақ болу керек.
Бұқаға, торайға катетеризация жүргізудің қиындығы, оның ретрасының 8 әріп тәріздес имегіне байланысты. Бұқаға 8 -тәріздес имекті уақытша жазу мақсатымен жыныс шыбығына новокаинді блокада жасайды. Бұл мақсат үшін 8 - тәріздес имегін 1-3 % новокаин ерітіндісімен 30 - 40 мм мөлшерде екі жағынан блокада жасайды. Содан кейін анестезия басталғасын, таза орамалмен жыныс шыбығын ұстап, сыртқа қарай күпек арқылы шығарып, уретрасына майыспалы (эластикалық) катетерді енгізеді.
Бұқаға катетеризация жүргізген кезде олардың уретрасының 8 – 1 тәріздес имегінде кейде несеп тастары тұрып қалады, міне осыны ескеру керек, өйткені катетер енгізгенде уретраның жыртылып кетуіне себебін тигізуі мүмкін. Сиыр қуығына катетеризация жүргізгенде катетерді уретра тесігіне енгізеді, ол қынаптың дивертикула қыртысында, вентральді қабырға бетінде қынаптың бас жағынан 10-12 см аралықта орналасқан. Сиыр қуығына катетеризация жасаудың бірнеше әдісі бар. Бірінші әдіс Уретраның алдын сипалау арқылы табады. Бұл үшін сол қолды 10-12 см терендікке дейін қынапқа енгізеді, сосын дивертикуляны тауып, оны сұқ саусақпен жауып тұрады. Ары қарай оң қолдың көмегімен катетерді енгізеді, енгізген кезде катетер саусақтың үстімен өтетін болу керек. Дивертикуланың қыртысына жетіп, одан әрі несеп шығатын каналға енгізу керек. Катетерді
ілгері жайлап, әсіресе бастапқы жағдайда, уретра сфинктерінің қарсылығынан өткенше абайлап енгізген дұрыс. Әдіс дұрыс жасалмаған жағдайда малдың ауырсынуы, тынышсыздануы, кей кезде артқы аяқтарымен тебу әрекеттері байқалуы мүмкін.
Екінші әдіс. Уретраны табу үшін қынапқа арнайы жасалған қынап айнасын немесе вагиноскоп енгізеді. Дивертикула табылған соң, оның қыртысын катетердің ұшымен көтеріп, жайлап ашылған уретра тесігіне енгізеді.
Қошқарда, текеде бұқанікі сияқты уретрасында S - тәріздесимек бар. Олардың қуықтарына катетеризация жасау үшін оларды жатқызып, ұстап тұрады немесе мықтап байлап қояды. Қойлардың, ешкілердің уретрасы ауызын табу үшін медициналық шағын қынап айнасын қолданады. Айғырларға катетеризацияны тұрған күйінше немесе жығьш алып жасайды. Катетерді енгізер алдында күпектің ішін таза дәке салфеткамен тазалайды. Сонан соң оң қолды орамалмен орап, күпекке енгізіп, қамшының басын ұстап алып, абайлап сыртқа қарай қасаны (пенис) шығарады. Сыртқа шығарылған қасаны алдын-ала дезинфекциялық ерітіндіге малынған тампонмен сүртіп, сонан кейін катетерді стерилденген вазелинмен майлап енгізеді. Алғашында катетер еркін жүреді, бірақ катетер шонданай ойығына жеткенде қарсылықтар байқалады. Ол уретраның жамбас қуысына өткен жерінде катетердің қабырғаға сығылып өтуіне байланысты. Ондай қарсылықты тоқтату үшін шоңданай ойығы тұсында катетер ұшын тауып алып, оны қуыққа қарай бағыттап жіберу керек, катетерді несеп ағыны шыққанша енгізеді.
Бие қуығына катетеризация жасау үшін темірден, резинадан және желімнен жасалған катетерлер қолданылады. Асау жылқыларды катетеризация жасау кезінде арнайы жабдықтарға байлап ұстаған дұрыс. Жағдайы өте нашар және ауру малға жатқан жерінде жасаған қолайлы. Бие уретрасының ауызын табу әдісі сиырдікіне ұқсас. Уретра алдын табу үшін сол қолды қынапқа енгізіп, уретра алдын тауып, сұқ саусақпен қыртысты көтереді. Уретра тесігін жауып, алдын ала вазелинмен майланған катетерді оң қолмен енгізеді. Қынап айнасын қолданған кезде көз бақылауымен уретра алдын тауып катетерді енгізеді.
Торайлар қуығына катетеризация жасау тек уретраның 3 -тәріздес имегі үстінен уретротомия жасалғаннан кейін мүмкін болады.
Ұрғашы шошқа қуығына катетеризация жасау қиындығы несеп шығарған каналда дивертикула болғандықтан сиырдыкімен бірдей. Ірілерінде оны сипалау немесе қынап айнасы көмегімен оңай табуға болады.
Ұрғашы иттерге (қаншықтарға) көбінесе темірден жасалган катетер қолданылады. Бұл зерттеуді қолданудың қиындығы несеп шығатын канал тесігінің тарлығынан, өйткені дұрыс бағытталған катетер көбіне уретра тесігі жанынан өтіп кете береді. Ірі ұрғашы иттерге катетер енгізуді жеңілдету мақсатымен қынап айнасын қолданады.Еркек иттерге майыспалы катетер қолданады, бұл кезде оларды шалқалап жатқызып ұстайды.
Бірінші күпекті ашып, шүкінің басынан ұстап, оны дезинфекциялық ерітіндімен жуып, сонан соң уретра тесігін тауып катетерді енгізеді. Дені сау малдың куығына катетер енгізгенде көп жағдайларда біраз мөлшерде несеп алуға болады. Бірақ сиырлардан төлдер алдында, төлдеп болғаннан кейін және кәрі малдан катетер көмегімен несеп алу қиынға соғады, өйткені олардың қуығы құрсақ қуысына қарай тым төмен салбырап кетеді. Ауру мал қуығында кейде несеп болмауы мүмкін. Бұл кезде катетер көмегімен ешқандай несеп алынбайды. Бұған көбінесе анурия немесе қуық қабырғаның жыртылуы себеп. Қуық қабырғасы сал немесе жартылай сал болғанда, енгізілген катетер көмегімен несепті көп мөлшерде шығару кейде іске аспайды.
Қуыққа вдстоскопия жасау. Цистоскопия - арнайы құрал "цистоскоп" көмегімен қуықты көру. Цистоскопты стерилизация жасау үшін оны тәулік бойы 40 % формальдегид ерітіндісіне малынған мақта тампоны салынған стерилизаттардың ішінде ұстау керек. Ұрғашы малды цистоскопия кезінде тұрған күйі немесе жатқызып байлайды. Цистоскопты енгізер алдында қынапқа айнаны бекітіп қояды. Уретра алдының айналасындағы кілегейлі қабықты ауырсыну сезімін жоғалту үшін 5 % анестезин ерітіндісіне малынған тампонмен ылғалдайды. 3-5 минут өткен соң қуыққа цистоскопты енгізеді, бұл кезде де темірден жасалған катетерді енгізген кездегідей сақтық керек, әйткені кілегейлі қабық зақымдалуы мүмкін.Егер көру кезінде қуықтағы несеп ыланқа болса, онда көріністі жақсарту үшін қуықты 3 % бор қышқылы ерітіндісімен жуу керек, өйткені кебінесе ауыру құбылыстары осы аумақтарда орналасады. Дені сау мал қуығы кілегейлі қабығының түсі ашық-қызғылт сәл сарғыш дақтармен, ол аздап жылтырақ, жұмсақтау келеді, ағаш тармағы сияқты бұтақтанған тамырларымен сипатталады. Ауру малда цистоскопия көмегімен қуықтағы қабыну құбылысын анықтауға болады, ол кілегейлі қабықтың домбығуымен, тамырлардың кеңеюімен және майда қан құйылуымен сипатталады. Қуық қабынғанда оның кілегейліқабығының қызаруы, іріңді дақтар болуы және өте жоғары қыртыстануы мүмкін. Цистоскопия көмегімен қуықтағы тастарды, ісіктерді жараларды табуға және несеп түтігінен аққан ірінді анықтауға болады. Қуықты зерттеу рентгенография және рентгеноскопия тәсілдері арқылы жүргізіледі. Бұл қуықты зерттеу тәсілдері қой, ешкі, шошқа, мысық және басқа ұсақ малда қолданылады. Бұл тәсілдер қуықта тас, ісік бар екендігіне күдік болған кезде ғана қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет