Лекция № 3
Тақырыбы: Мал азықтарымен уланулардың организмге әсерлеріне байланысты жіктелуі. Орталық жүйке жүйесіне басымырақ әсер ететің улы өсімдіктер.
Мал азықтарымен уланулардың организмге әсерлеріне байланысты жіктелуі
Орталық жүйке жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктер
1. Уланулардың клиникалық белгілері қаншама әртүрлі болғанымен, кейбір уланулардың клиникаларының ұқсастығын да байқауға болады. Әсіресе белгілі бір ағзаларға, жүйелерге басымырақ әсер етекенде анығырақ білінеді. Осы тұрғыдан қарағанда улы өсімдіктерді бірнеше топқа бөлуге болады:
Орталық жүйке жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктер;
Ас қорыту жүйесіне басымырақ әсер ететін улы өсімдіктер;
Құрамында синиль қышқылы бар азықтарымен улану;
Фотодинамикалық қасиеттері бар өсімдіктерімен улану;
Организмде витаминдердің жеткіліксіздерін тудыратын өсімдіктермен улану;
Дұрыс дайындалмаған, уақытында берілмеген азықтарымен улану;
Минералды және синтетикалық улы заттармен улану;
Улы заттары толық зерттеліп ашылмаған өсімдіктермен улану.
2. Бұл топқа жататын өсімдіктермен уланғанда әртүрлі клиникалық өзгерістерді байқауға болады. Уланулардың клиникасы тек орталық жүйке жүйесі жағынан ғана емес, сондай –ақ көбінесе ас қорыту жүйесінің және бүйеректердің қызметтерінің бұзылуымен асқынған түрде жиі кездеседі. Бұл топтың өсімдіктерінің өзін бірнеше топтарға бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |