Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


)Ампулалық дәрілік түрлер өндірісінің технологиялық процесі жайлы не білесіз



бет42/43
Дата03.11.2023
өлшемі247,17 Kb.
#189225
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
Äå?ãåé «Ìàìàíäû??à ê³ð³ñïå» ï?í³ – ï?í ðåò³íäå ?àíäàé á³ë³ìä³ ?à

121)Ампулалық дәрілік түрлер өндірісінің технологиялық процесі жайлы не білесіз
Ампулалық дәрілік түрлер өндірісінің технологиялық процесі фармацевтік зауыттардың ампулалық цехтарында орындалады. Ампулалар дайындаудың өндірістік циклі келесі негізгі операциялардан тұрады:
-Ампулаларды дайындау;
-Шаншуға арналған ерітіндіні дайындау және ампулаларды толтыру (ампулалау);
-Ампулаларды дәнекерлеу;
-Стерильдеу;
-Маркалау;
-Орамдау.
Ампулалық цехтарда шаң-тозаң жиналатын жерлердің аз болуы қолға алынады, тазалығы бақыланып отыратын ауа жіберу қамтамасыз етіледі, жоғарғы қысым, белгілі температура мен ылғалдылық бір қалыпта ұсталып отырады. Ампулалық цехта жұмыс істеу кезінде әсер ететін өндірістік зияндылықтарға: шу, көмірқышқыл газы, жоғарғы температура, әйнектің сынығынан жарақат алу, химиялық заттардың шаңы, ампулалардың сапасын бақылау кезінде мөлдірлілігін анықтауда жарықтың көздің көру қабілетіне кері әсері және т.б. Өндірістік зияндылықтардан сақтану үшін жұмысшылар жеке гигиенасын және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауы қажет.
122)Химия-фармацевтикалық өнеркәсіптерінде еңбек жағдайларын сауықтыру бойынша жүргізілетін жұмыстарды атаңыз
Химия-фармацевтикалық өнеркәсіптерінде еңбек жағдайларын сауықтыру бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі:
• технологиялық процестерді жетілдіру;
• автоматтандыру құралдарын қолдану;
• құралдарды қашықтан басқару (дистанционды);
• өндіріс бөлмелері мен қондырғыларды дұрыс жоспарлау;
• тартып-сору вентиляциясын қамтамасыз ету;
• жеке басты қорғау құралдарын қолдану;
• қызметкерлердің денсаулығын сақтау бойынша емдік-профилактикалық шаралар жүргізу (медициналық бақылаудан өту).
123)Дәрілік заттар мен препараттарды сақтау тәртібі туралы баяндаңыз
Дәрілік заттардың қауіпсіздігіне, сапасы мен сақталуына сыртқы ортаның факторлары, атап айтқанда ауаның дымқылдылығы, жарық, температура, басқа да ауа қосындылары мен қоршаған ортаның ластануы әсер етеді. Аталған факторлар дәрі-дәрмектер мен басқа да фармацевтикалық тауарлардың физика-химиялық қасиеттеріне әсер ете отырып, сапасын төмендетеді. Дәрілік заттарды сақтау үшін реттелуден жоғары температура дәрі-дәрмектердің сапасын төмендететін физикалық-химиялық үрдістерді жылдамдатады. Сондықтан, дәрілік заттардың нормативтік құжаттарда анықталып, айқындалған сақталу температураларын ескеру керек. Дәрілік заттарды сақтайтын құрғақ бөлмелерде ылғалдықтың мөлшері 60%-дан аспауы қарастырылады, ал жоғарғы ылғалдылық бөлмелерінде 65% болуы тиіс. Дәрілік заттардың сақталу орындарында ауа алмасу жақсы болуы керек. Себебі, ауа алмасу үрдісі арқылы сақталатын тауарлардың, ыдыстардың, жабдықтардың, т.б. газды заттардың иісі жойылып, ылғалды-температуралық режимі теңестіріліп отырады. Ауа алмасу үрдісін терезелерді ашу арқылы немесе арнайы желдеткіштерді қолданып жүргізеді. Дәрілік заттар мен тауарлардың сақталу тәртібінің көрсеткіштерінің бірі жарық. Жарық, әсіресе ашық күн сәулесі дәрі-дәрмектерге көбіне теріс әсерін тигізеді, себебі тотығу үрдістерін жылдамдатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет