Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Жұмсақ дәрілік формаларға жататын дәрілік заттарды атап, оларға сипаттама беріңіз



бет31/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

90) Жұмсақ дәрілік формаларға жататын дәрілік заттарды атап, оларға сипаттама беріңіз
Жұмсақ дәрілік формаларға жататын дәрілік заттар:Жақпа майлар, Суппозиторийлер, Пластырлер, Пилюли. Жұмсақ дәрілік формаларға жататын дәрілік заттар қатарынан суппозиторийлер мен пластырлерді қарастырамыз. Суппозиторийлер – ескі дәрілік түр. Біздің эрамызға дейін 1550 жылы Эберстің папирусында келтірілген. Египеттегі қолданылған 800 түрлі дәрілік түрлердің жіктемесінде суппозиторийлер іш жүргізетін дәрі, әрі геморойды емдеуде қолданылатын дәрі ретінде сипатталады. Пластырлер – дене температурасында жұмсарғаннан кейiн терiге жабысып қалатын қабiлетi бар сырт тәнге қолданылатын дәрiлік түр. Олар терiден оңай ажырап, iз қалдырмайды. Бұл бүкiл дүние жүзiнiң Фармакопеяларына кiрген өте ескi дәрiлік түрлердiң бiрi. Қазiргi кезде пластырлердiң номенклатурасы және қолданылуы өте жан-жақты.
91) Суппозиторийлер дегеніміз не, оларға қойылатын талаптар қандай
Суппозиторийлер – ескі дәрілік түр. Біздің эрамызға дейін 1550 жылы Эберстің папирусында келтірілген. Египеттегі қолданылған 800 түрлі дәрілік түрлердің жіктемесінде суппозиторийлер іш жүргізетін дәрі, әрі геморойды емдеуде қолданылатын дәрі ретінде сипатталады. Суппозиторийлер бөлме температурасында қатты және дене температурасында балқитын немесе еритін, дене қуыстарына енгізуге арналған дозаланған дәрілік түр. Дене қуысының құрылысының ерекшеліктеріне байланысты суппозиторийлерге тиісті сыртқы көрініс пен көлем беріледі. Ректальды, вагинальды және таяқшалы суппозиторийлерді ажыратады. Осы жіктелудегі суппозиторийлердің өздерінің атынан көрініп тұрғандай, ректальді суппозиторийлер тік- ішекке; вагинальді – қынапқа; таяқшалар – несеп жолына және басқа да тар қуыстарға енгізуге арналған.
92)Пластырлер дегеніміз не, пластырлердің құрамына қандай заттар кіреді
Пластырлер – дене температурасында жұмсарғаннан кейiн терiге жабысып қалатын қабiлетi бар сырт тәнге қолданылатын дәрiлік түр. Олар терiден оңай ажырап, iз қалдырмайды. Бұл бүкiл дүние жүзiнiң Фармакопеяларына кiрген өте ескi дәрiлік түрлердiң бiрi. Қазiргi кезде пластырлердiң номенклатурасы және қолданылуы өте жан-жақты. Пластырлердiң құрамына шайырлар, парафин, балауыз, жоғарғы май қышқылдарының тұздары (қорғасын сабыны), тоң майлар, каучук, шайырлы қышқылдардың тұздары, ланолин, вазелин, церезин, ұшқыш ерiткiштер (эфир, этанол) және әртүрлi дәрiлiк заттар кiредi. Осы заттарды үйлестiрiп қолдану пластырлерге тиiстi құрылымдық-механикалық қасиеттер бередi, бiрте-бiрте жұмсару, терiге жабысу және терапевтiк әсер ету қабілетiн қамтамасыз етедi. Пластырлер қағаз немесе мата бетiне массаның жұқа қабаты жағылған түрде немесе бөлшектенген плиткалар, таяқшалар, цилиндрлер, флакондарға құйылған сұйықтықтар түрiнде шығарылады. Пластырлер әр түрлi белгiлерi бойынша жiктеледi. Агрегатты күйi бойынша қатты және сұйық болып бөлiнедi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет