1деңгей 1)«Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады «Мамандыққа кіріспе» пәнi – білім алушыларда дәрілік заттар, дәрілік субстанциялар, дәрілік препараттар, дәрілік өсімдіктер мен шөптер, дәрілік формалардың (қалыптардың) классификациясын, химиялық және фармацевтикалық технологиялардың аппараттары мен жабдықтары, дәрілік формаларды өлшеу мен буып-түюге және орауға арналған машиналар мен автоматтар, медициналық мақсаттағы фармацевтикалық препараттар мен бұйымдар, шикізат және қосалқы материалдар мен заттардың әртүрлі типтері (оның ішінде өсімдік шикізаты), химиялық реагенттер мен реактивтер, ғылыми-зерттеу аспаптары мен жабдықтары туралы жүйелік білімді қалыптастырады.
2)«Мамандыққа кіріспе» пәнінің мақсаты мен міндеттерін сипаттаңыз Мақсаты – білім алушыларға дәрілік заттар және олардың классификациясын үйрету, химия-фармацевтикалық технологиялардың аппараттары мен жабдықтары, сонымен қатар дәрілік формаларды өлшеу мен буып-түюге және орауға арналған машиналар мен автоматтар түрлерімен таныстыру, медициналық мақсаттағы фармацевтикалық препараттар мен бұйымдар, шикізат және қосалқы материалдар мен заттардың әртүрлі типтері (оның ішінде өсімдік шикізаты), химиялық реагенттер мен реактивтер, ғылыми-зерттеу аспаптары мен жабдықтары туралы жүйелік білімді қалыптастыру.
Міндеттері:
• химияның теориялық негіздерін, оның негізгі түсініктерін және заңдарын білу;
• ерітінділердегі химиялық үрдістердің өтуінің жалпы заңдылықтарын және фармацевтикалық өндіріс технологиясындағы рөлін түсіндіру;
• фармацевтикалық өндіріс технологиясы саласындағы қолданбалы маңызы бар химиялық қосылыстардың физика-химиялық қасиеттерін түсіндіре білу;
• дәрілік заттарды, олардың қлассификациясын үйрену;
• химия – фармацевтикалық технологиялардың аппараттары мен жабдықтары, дәрілік формаларды өлшеу мен буып-түюге және орауға арналған машиналар мен автоматтар, фармацевтикалық препараттар мен бұйымдар түрлерімен таныстыру.