Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Фармацевтикалық анализ – фармацевтикалық химияның негізгі бөліктерінің бірі екенін түсіндіріңіз



бет6/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

18) Фармацевтикалық анализ – фармацевтикалық химияның негізгі бөліктерінің бірі екенін түсіндіріңіз
Фармацевтикалық анализ – фармацевтикалық химияның негізгі бөліктерінің бірі. Оның өзінің спецификалық ерекшеліктері бар, ол басқа анализ түрлеріне мүмкіндіктер береді. Осы ерекшеліктеріне сәйкес анализге табиғаты әртүрлі химиялық заттар түседі: неорганикалық, элементорганикалық, радиоактивті, органикалық қосылыстар және жай алифаттық заттар, күрделі биологиялық активті заттарға дейін. Фармацевтикалық анализдеудің объектілері болып жеке дәрілік заттар ғана емес және әртүрлі компоненттен тұратын қосылыстар түседі. Дәрілік заттар көлемі күндеп өсуде. Бұл жаңадан анализ әдістерін табуға, белгілі тәсілдерді унифицирлеуді талап етеді.
19) Фармацевтикалық анализдеудің ерекшеліктерін сипаттаңыз
Фармацевтикалық анализдеудің ерекшеліктері жүйелік даму, дәрілік заттардың сапасының жоғары болуына негізделген. Дұрыс сапалы дәрілік заттардың саны да маңызды. Сондықтан химиялық әдістермен қатар физика- химиялық әдістер де қолданылады. Бұл анализ түріне жоғары талап қойылады. Анализ өте сезімтал, аз уақыт, аз реактивтер мен дәрілер кету және нормативті құжаттарға сәйкес қатынас дәлдігі тура болу қажет. Қойылған тапсырмаға байланысты фармацевтикалық анализге әртүрлі сапа бақылауы қойылады: фармакопейлік анализ, сатылы анализ бақылау, аптека жағдайындағы экспресс – анализ, биофармацевтикалық анализ.
20) Фармацевтикалық анализдің негізгі критерийлерін атаңыз
Фармацевтикалық анализдің негізгі критерийлері. Фармацевтикалық анализдің әртүрлі этаптарында қойылатын талапқа байланысты мынандай критерийлер болады: таңдаушылық, сезгіштік, дәлдік, уақыт, шығын сандары. Таңдаушылық әдісі өте маңызды қоспа заттарды анықтауда, әрбір компоненттерінің дәл шамасын білуде қолданылады. Тек таңдаушылық анализде ғана негізгі компоненттің құрамын анықтап береді. Дәлдік және сезгіштік фармацевтикалық анализ заттардың объектісіне және мақсатына байланысты. Зерттеу барысында қоспалардың өте аз мөлшерін де анықтауға болады. Дәріхана жағдайында экспресс-анализ жүргізгенде маңыздысы – уақыт факторы, осыған байланысты аз уақыт кететін әдісті таңдаймыз.
Фармацевтикалық анализ (талдау) үшін дәрілік форманың агрегаттық күйінің де маңызы бар. Сондықтан дәрілік формаларды агрегаттық күйі бойынша төмендегідей жіктеуге болады: қатты (ұнтақтар, таблеткалар, драже, гранулалар), сұйық (шынайы және коллоидты ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, тамшылар, линименттер), жұмсақ (мазьдар, суппозиторийлер, пилюлилар және т.б), газтәріздес (аэрозольдар, газдар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет