Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


деңгей 42) Тұтқырлықты жоғарылататын заттарға сипаттама беріңіз



бет14/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

2 деңгей
42) Тұтқырлықты жоғарылататын заттарға сипаттама беріңіз
Тұтқырлықты жоғарылататын заттар. Қосымша заттардың аталған тобы негізінен эмульсияларды тұрақтандыру және мазьдік, суппозиторийлік негіздермен суспензиялардың тұтқырлығын жоғарылату үшін пайдаланылады. Тұтқырлықты жоғарылататын заттарға табиғи және синтетикалық тектес өнімдер (камедьтер, пектиндер, крахмал, агар-агар, натрий альгинаты, аэросил, желатоза, беттік-белсенді заттар, бентониттер және т.б.) жатады. Тұтқырлықты жоғарылататын заттарды қолдану технологиялық процестерді жүргізуді жақсартады және дәрілердің тауарлық көрсеткіштерін жоғарылатады.
43) Тұрақтандырғыштар – дәрілерге енгізуге негізделген ерекше қосымша заттар екенін түсіндіріңіз
Тұрақтандырғыштар. Дайын дәрілердегі әсер ететін заттардың төзімділігін жоғарылатудың екі әдісі белгілі – физикалық және химиялық. Тұрақтандырудың физикалық әдісі физиологиялық болғандықтан соңғы кезде кеңінен қолданыс табуда. Ол дәрілік заттарды қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғауға (инертті газдар ортасында капсулалау, қаптамаларды пайдалану, микрокапсулалау және т.б.), сонымен қатар тазалығы жоғары ингредиенттер мен қосымша заттарды және аппаратураны пайдалануға негізделген. Басқаша айтқанда, тұрақтандырудың физикалық әдісі фармацевтикалық технологияда заманауи ғылыми жетістіктерді және технологиялық жабдықтарды, сонымен бірге терең биофармацевтикалық зерттеулерді пайдалануды қарастырады. Тұрақтандырудың химиялық әдістері дәрілерге ерекше қосымша заттар – тұрақтандырғыштарды енгізуге негізделген. Бұл әдістер кең, әсіресе ерітінділерді, суспензияларды, эмульсияларды тұрақтандыруда қолданыс табуда. Тұрақтандырғыштарды таблеткаланған препараттардың төзімділігін жоғарылату үшін де енгізілетінін атап өту қажет.
44) Антиоксиданттар деп қандай заттарды айтады
Антиоксиданттар. Фармацевтика тәжірибесінде ерітінділерде барлық жағдайда кездесетін оттегінің тотықтырғыш қасиетіне сезімталдығы жоғары препараттардың тұрақтылығын жоғарылататын химиялық заттар өте кең пайдаланылады. Оларды антиоксиданттар деп атайды. Антиоксиданттармен дәрілік заттардың өте үлкен тобының егу (иньекция) ерітінділерін дайындайды. Антиоксиданттар (грекше: antі – қарсы және oxіs – қышқыл) – тотығуға қарсы және оны тежеу үшін қолданылатын заттар, ағзаның қартаюын бәсеңдететін қышқылдану процестерін баяулататын химиялық заттар. Антиоксиданттар бос радикалдармен әрекеттесіп, өздері тұрақты бос радикалдарға айналады да тізбектеле өршіп, тотығу реакциясын тоқтатады не тежейді. Сақтау барысында дәрілік заттардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін фармакологиялық белсенді субстанцияның тотығуын болдырмауда антиоксиданттар маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет