Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Суппозиторийлер үшін негіздерді және олардың классификациясын атаңыз



бет13/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

39) Суппозиторийлер үшін негіздерді және олардың классификациясын атаңыз
Суппозиторийлер үшін негіздер. Осы негіздер ретінде табиғи және синтетикалық тектес заттардың үлкен тобы пайдаланылады. Олардың ауқымды ассортименті, физика-химиялық қасиеттерінің әр түрлілігі ортақ классификация жасауда қиындықтар туғызады. Қазіргі уақытта көптеген елдердің ғалымдары осындай негіздердің физика-химиялық қасиеттеріне сүйенетін бірнеше классификация ұсынды. Олардың ішінен көп қолдау тапқан классификацияға сәйкес суппозиторийлер үшін негіздер екі топқа бөлінеді:
І тобы – суда ерімейтін негіздер;
ІІ тобы – суда еритін негіздер.
40) Ұнтақтар, таблеткалар дайындауда қолданылатын қосымша заттарды атаңыз
Ұнтақтарда, таблеткаларда және пилюлиларда пайдаланатын қосымша заттар. Аталған дәрілік формаларды дайындағанда әртүрлі химиялық табиғаты және агрегаттық күйі (сұйықтан қаттыға дейін) бар қосымша заттар қолданылады.
Ұнтақтар дайындауда пайдаланатын қосымша заттар. Ұнтақтарды дайындағанда өте жақсы қосымша заттарға өте аз дозаларда тағайындалатын улы және қатты әсер ететін препараттарды ұнтақтағанда қолданылатын сұйылтқыштар (лактоза) және еріткіштер (этил спиртінің немесе эфирінің шоғырлы ерітінділері) жатады. Таблетка дайындауда пайдаланатын қосымша заттар. Таблеткалар дайындауда ассортименті ең үлкен және үздіксіз көбейіп келетін қосымша заттардың тобын пайдаланады. Оларды тағайындалуы мен атқаратын рөліне байланысты келесі топтарға бөлуге болады: сұйылтқыштар, қопсытқыш заттар, сырғытқыш және майлағыш заттар, желімдегіш заттар.
41) Беттік-белсенді заттарды сипаттап, оларды дәрі өндірісінде және медицинада қолдану аясын баяндаңыз
Беттік-белсенді заттар – түрлі дәрілердің технологиялық немесе терапиялық қасиеттерін жақсарту үшін пайдаланатын қосылыстардың үлкен тобы. Дәрі өндірісінде және медицинада беттік-белсенді заттарды қолдану олардың бірқатар өте құнды қасиеттеріне (тұрақтандырғыш және эмульсияландырғыш қабілеті, тері және кілегейлі қабаттардың мембраналық өткізгіштігіне едәуір ықпалы және т.б.) байланысты үздіксіз кеңеюде. Барлық беттік-белсенді заттарды олардың химиялық табиғатына тәуелсіз электролиттік диссоциациялану қабілеті бойынша әдетте төрт топқа бөледі: анион-белсенді, катион-белсенді, бейионогенді және амфолиттік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет