Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Антибиотиктерді алу тәсілдерін атаңыз



бет21/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

60) Антибиотиктерді алу тәсілдерін атаңыз
Антибиотиктерді алудың технологиялық процесі белгілі реттілікте және қажетті сәйкес қондырғыларда жүретін бірнеше сатыдан тұрады:
-Егістік материалды өсіру және антибиотиктердің биосинтезі (ферментация);
-Көбейген сұйықтықты алдын-ала өңдеу;
-Фильтрлеу;
-Бөліп алу және химиялық тазалау;
-Дайын дәрілік түрлерді дайындау;
-Бөлшектеу және орамдау.
Антибиотиктер өндірісінде еңбек гигиенасы ауаға жоғары дисперсті антибиотикті шаңның, химиялық заттардың технологиялық процесінде қолданылатын бу мен газдың және артық жылу бөлінуімен сипатталады.
61)Микробиологиялық синтез көмегімен антибиотиктерді алу этаптарын сипаттаңыз Соңғы екі он жылдықта антибиотикалық заттарды зерттеуде жаңа бағыттар пайда болды. Жаңа антибиотиктерді эмпирикалық іздеуден ғалымдар биосинтез процестерін, белгілі антибиотиктер молекулаларын түрлі модификациялау (трансформациялау) жолдарын терең әрі жан-жақты зерттеуге, табиғи және жартылай синтетикалық антибиотиктердің фармакологиялық әсерінің жаңа аспектілерін анықтауға көшті. Табиғи молекулаларды трансформациялау өнімдерін зерттеу нәтижесінде жартылай синтетикалық пенициллиндер мен тетрациклиндер жасалды. Бұл заттар табиғи препараттарға қарағанда өте тиімді екендігін көрсетті. Антибиотиктердің дәрілік құралдар ретінде жоғары тиімділігі, оларды медицина мен ветеринарияда, ауыл шаруашылығының түрлі салаларында, тамақ және консерві өнеркәсібінде қолданудың масштабтары өндірістің ерекше саласы – антибиотиктер өнеркәсібінің тууына әкеліп соқты.
62)Психотропты дәрілік препараттар дегеніміз қандай препараттар
Психотропты заттар – психикалық ауруларды, соның ішінде шектік күйлерді емдеу үшін арнайы қолданылатын дәрілік құралдар. Психотропты препараттардың ерекшелігі – орталық жүйке жүйесінің бұзылуы кезінде олардың дәрілік тиімділігін қамтамасыз ететін, психикалық функцияларға арнайы оң ықпал етуінде. Алғашқы психотропты препараттар ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында жасалған болатын. Сол уақытқа дейін психикалық ауруларды емдеуге қолданылатын дәрілік құралдар өте аз және олардың тиімділігі төмен болатын. Осы мақсатта қолданылатын негізгі препараттарға ұйықтататын және седативті құралдар, инсулин, кофеин жататын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет