Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


-ші деңгей 84) Мацерация, ремацерация, перколяция әдістеріне түсініктеме беріңіз



бет29/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

3-ші деңгей
84) Мацерация, ремацерация, перколяция әдістеріне түсініктеме беріңіз
Мацерация – экстракциялаудың статистикалық әдісі. Ұсақталған өсімдік шикізатын еріткішке салып, бір аптаға қойып қояды. Шикізатты сығып алып, алынған сығындының көлемін өлшеп алады. Ремацерация немесе бөлшектік мацерация – мацерацияның бір түрі. Экстрагентті 3-4 бөлікке бөліп алып, біртіндеп 1, 2, 3, 4 бөліктерін кезектестіріп, тұндырады. Сығындыны төгіп тастайды. Перколяция – тұндыру. Экстрагентті шикізат ағысы арқылы үздіксіз өткізу. Тұндырмалар үшін шикізат пен дайын өнімнің арасындағы масса – көлемді қатынас тән. Улы емес өсімдіктерден тұндырмаларды 1:5, ал улы өсімдіктерден 1:10 қатынасында дайындайды.
85) Экстракттар неше түрге жіктеледі, олардың түрлеріне жеке-жеке сипаттама беріңіз
Экстракттар сулы экстракттар,спирттік экстракттар және майлы экстракттар болып жіктеледі.
Сулы экстракттар – жекеленген өсімдіктерден дайындалады. Мысалы, бақбақ, үшжапырақ, жусан және т.б., оларды дайындауда перколяция, қарсы ағыс экстракциясы, қыздыру әдістерін қолданады. Қою экстракттарда ылғал шамасын, ауыр металдардың болуын, кейде гицерризин қышқылдарының болуын анықтайды.
Спирттік экстракттар – сулы экстракттар сияқты сұйық, қою және құрғақ болады. Экстрагент ретінде 30-90%, көбінесе 70% спирттік ерітінді қолданылады.
Майлы экстракттар – өсімдік немесе минералды майлардың көмегімен өсімдік шикізатынан дайындалады. Мысалы, итмұрын (шиповник) жемісінен, шәйқурай (зверобой) шөбінен, шырғанақтан (облепиха) дайындалған майлар.
86) Дәрілік өсімдіктердің шикізат ретінде қолданылуын баяндаңыз
Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты әртүрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты болады. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.с.с. түрінде қолданылады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет