Деңгей «Мамандыққа кіріспе» пәні – пән ретінде қандай білімді қалыптастырады


) Шымкент қаласында орналасқан «Химфарм» АҚ тарихы жайлы не білесіз



бет16/43
Дата30.06.2022
өлшемі247,17 Kb.
#147206
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Байланысты:
Документ (3)

49) Шымкент қаласында орналасқан «Химфарм» АҚ тарихы жайлы не білесіз
Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ – отандық фармацевтика өнеркәсібі жетекшісінің құрылғанына 125 жылдан асты. Негізгі өндірістік қуаттар жарты ғасырдан астам пайдаланылып келеді, алғашқы елеулі жаңғырту өткен ғасырдың 90 жылдардың ортасы – аяғында болды, 2007 жылы тиісті өндірістік тәжірибенің талаптарына сәйкес келетін «жұмсақ» дәрі нысандарының жаңа цехы пайдалануға берілді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылға қарай отандық өндірушілер нарығының 50%-дың үлесіне қол жеткізу туралы тапсырмасына сәйкес компания басшылығы өндіріс ауқымын елеулі түрде ұлғайтуды болжай отырып, Астана қаласында қатты дәрілік нысандар мен ұнтақ антибиотиктер шығару жөніндегі фармацевтика фабрикасын және Шымкент қаласында екпе, әрі инфузиялық ерітінділер өндірісі бойынша, оның ішінде модульдік технология бойынша цехтар салатынын мәлімдеді. Бүгінгі күні өнім ассортименті қатты (таблеткалар, капсулалар) және зарарсыздандырылған (ампулалардағы екпе ерітінділер мен екпеге арналған сауыттағы антибиотиктер) дәрілік нысандарды, зарарсыздандырылмаған сұйық ерітінділерді, сироптарды, тұнбаларды, жұмсақ дәрілік нысандарды (жақпалар, гельдер, линименттер мен суппозиторийлер) қамтиды.
50) Бейорганикалық дәрілік заттарды, олардың физикалық қасиеттерін суреттеңіз
Бірқатар бейорганикалық қосылыстар өзінің дәрілік құрал ретіндегі маңызын жоғалтқан жоқ, өйткені олар ағзалардың кейбір қызметінде физиологиялық маңызды рөл атқарады. Мысалы, натрий, калий, кальций, мыс, темір, хлор иондарының физиологиялық рөлі кеңінен танымал. Бромидтер седативті әсер етеді. Ал, антисептикалық қосылыстар ретінде бор, йод, күміс қосылыстары қолданылады. Бейорганикалық дәрілік заттарды синтездеу және талдау бейорганикалық және аналитикалық химияның теория мен заңдарына негізделеді. Өзінің агрегаттық күйі бойынша олар газдар (O2, N2O), сұйықтар (HCl) болады. Ал көп жағдайда кристалдық және аморфты заттарға бөлінеді. Бейорганикалық препараттардың шынайылығын катион мен аниондарды тұндыру, комплекс түзу, тотығу-тотықсыздану реакциялары, ыдырау (қышқыл немесе сілті әсер еткенде) реакцияларын жалын түсінің өзгеруін пайдаланып анықтайды. Мөлшерлік талдауды химиялық элементпен: аргентометрияны, роданометрияны, комплексонометрияны және т.с.с. пайдаланып анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет