Лекция. Тақырыбы: электрлік қосалқы стансалар. Олардың ТҮрлері және негізгі ерекшеліктері. Электр станцияларындағы электр жабдықтары мен аппараттары лекцияның



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата19.10.2022
өлшемі276,36 Kb.
#153800
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
2 лекция
2 тоқсан БЖБ №2


2-ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ: ЭЛЕКТРЛІК ҚОСАЛҚЫ СТАНСАЛАР. ОЛАРДЫҢ 
ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ЭЛЕКТР 
СТАНЦИЯЛАРЫНДАҒЫ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫ МЕН 
АППАРАТТАРЫ 
1.
 
Лекцияның 
мақсаты 
мен 
міндеттері: 
Үш 
фазалы 
трансформаторлар туралы жалпы түсінік, олардың классификациясы, 
қойылатын талаптар туралы мәлімет беру. Үш фазалы трансформаторлардың 
магнит өткізгіштігішінің құрылыс ерекшеліктерінің схемаларын, өлшеуіш 
трансформаторлардың жұмыс ңстеу принципі мен қолданылуын түсіндіру.
2.
 
Лекция мазмұны: 
Электр станцияларындағы электр жабдықтарының қолданылуы және 
конструкциялық орындалуы алуан түрлі. Оны екі топқа бөлуге болады: 
1. Негізгі электр жабдықтарына электр энергияны өндіретін 
генераторлар және кернеудің деңгейін өзгертетін трансформаторлар 
(автотрансформаторлар) жатады.
2. Өндіріс процестерін қамтамасыз ететін және электр жабдықтарының 
жұмыс тәртібін өзгертетін, энергияның сапасын бақылайтын, апаттық 
жағдайда элементтерді қорғайтын электр аппараттарынан тұрады. 
Сонымен станциядағы электр жабдықтарының негізгі құрамы мыналар: 
1.
Тоқ трансформаторлары (ТА1-ТА2). 
2.
Ажыратқыштар (Q1-Q7). 
3.
Айырғыштар (QS 1-QS 13). 
4.
Өз қажетін қоректендіретін тізбек (W4-W7). 
5.
Күштік трансформаторлары (Т1,Т2). 
6.
Электр беріліс желісі (W1-W2). 
7.
Жинақтаушы шиналары (А). 
8.
Балқымалы сақтандырғыштар (F
1
-F
5
). 
9.
Кернеу трансформаторлары (ТV1-TV3). 
10.
Генераторлар (G1, G2). 
 
Электр станцияда көптеген электр жабдықтары кеңінен қолданылады. 
Мысалы: синхронды генераторлар, күштік трансформаторлар мен 
автотрансформаторлар, электр қозғалтқыштары (асинхронды немесе 
синхронды), синхронды компенсаторлар т.с.с. 
Электр станциясы мен қосалқы станциядағы негізгі электр 
аппараттарына - әр түрлі аппараттар (ажыратқыштар, айырғыштар, қысқа 
тұйықтағыштар, бөлгіштер, релелік қорғау, автоматика т.б.) жатады. 
Синхронды генераторлар электр энергиясын өндіруге және электр желісінде 
кернеуді реттеуге, электр қозғалтқыштары – қосалқы механизмдер мен 
машиналарды қозғалысқа келтіруге, күштік трансформаторлары жоғары 
немесе төмен кернеудің қажетті деңгейіндегі электр энергиясын алуға 
қолданылады. 


Электр энергетикада ажыратқыш аппараттардың айрықша маңызы бар, 
олар станциялар мен қосалқы станциялардағы жекелеген тізбектердің 
агрегаттарын қалыпты режімде және апаттық жағдайда қосу және ажырату 
үшін 
қажет. 
Ажыратқыш 
аппараттарға 
жататын: 
рубильниктер, 
ажыратқыштар автоматтары, балқымалы сақтандырғыштар, контакторлар, 
магниттік іске қосқыштар, бөлгіштер, қысқа тұйықтағыштар және жоғары 
вольтті ажыратқыштар. 
Қажетті жағдайда қысқа тұйықталған тоқ шамасын шектейтін 
аппараттар – реакторлар, электр қондырғысын артық кернеуден қорғайтын 
аппараттар – разрядниктер қолданылады. Өлшеуіш приборлары, қорғауыш 
релені және автоматиканы қосу үшін, әрі басқа да мақсаттар үшін тоқ пен 
кернеуді өлшейтін трансформаторлар кеңінен қолданылады.
Жоғарыда аталған негізгі электр жабдықтары мен қоса, электр 
станциялары мен қосалқы станцияларында көптеген өлшеуіш приборлар, 
сондай-ақ релелік қорғаныс, автоматика, сигнализация, басқа да құрылғылар 
қолданылады. 
Өлшеуіш приборлар агрегаттардың және қондырғының жекелеген 
бөлшектерін бақылау үшін, электр энергияның сапасын (кернеуі мен 
жиілігін) бақылау үшін, әрі өндірілетін және таратылатын электр энергияның 
есебін алу үшін қолданылады. 
Релелік қорғаныс және автоматика құрылғылары қондырғыдағы апатты 
және бұзылған жұмыс режімін тез реттеуге ықпал етеді, әрі олардың қалыпты 
режімін тез түзетеді. 


1 сурет – Электр станциялардың негізгі жабдықтары мен электр 
аппараттарын қолданудың ұстанымдық сұлбасы. 
Г-1 және Г-2 генераторлары өздерінің бастапқы қозғалтқыштарымен 
қоса станцияның бас корпусындағы машина залында орналастырылған. 
Кернеуі 6-10 кВ болатын барлық электр жабдықтары станцияның бас тарату 
құрылғысында орнатылған. Генератордың осы тарату құрылғысымен 
байланысы шиналармен көрсетілген, алайда олар күштік электр кабелімен де 
орындалуы мүмкін. 
Т-1 және Т-2 трансформаторлары станцияның өз мұқтажы үшін 
орнатылған таратқыш қалқанды 380-220 В қоректендіруге және станцияға 
электр жарығын беретін электр желісі тартылады. 6 кВ-тың барлық 
тізбектерінде жоғары кернеуді ажыратқыш (Q) және айырғыш (QS) 
орнатылған. Жинақтаушы шинасы (А) жағынан орнатылған айырғыштарды, 
ал тармақталған желідегі кабельді бөлімдегі айырғыштарды (QS9- QS11) 
желілік деп атау қабылданған. Тізбектің әрбір жалғанған тұсына 
трансформатор тоғы (ТА) орнатылған, ол өлшеуіш приборлар мен релелік 
қорғаныстың құралдарын қоректендіруге арналған. Кернеу трансформаторы 
(TV) генератор тізбегінде және жинақтаушы шиналарда орнатылған. Кернеу 
трансформаторының алдына айырғыштар мен балқыма сақтандырғыштар 
(F
1
-F
3
) қосылған. 
Кернеуі 380/220В шаппа қосқыштағы (QF
1
-QF
2
) және балқыма 
сақтандырғыштағы (F
4
-F
5
) максималь ток (QF
1
-QF
5
) автоматы көрсетілген. 
Аппараттар аралығындағы жинақтаушы шиналар (А) мен барлық қосылыстар 
фарфор оқшаулатқышта жалаңаш шиналармен (Ш) атқарылады. Жекеленген 
тізбектерді кейде кабельден жасайды. Т-1 және Т-2 трансформаторларына 
кернеуі 6 кВ кабельдерді жалғастырады. Кабельді көбінесе кернеуі 6 кВ 3 
тармақты сымнан жасайды. Кернеуі 1000 В-қа дейінгі тарауыш 
құрылғыларды жалаңаш шиналармен немесе оқшауланған сымдармен 
жалғастырады. 
Онда 
аппараттардың, 
приборлардың, 
басқа 
да 
құрылғылардың орналасуы, олардың жалғануы, сондай-ақ сымдар мен 
кабельдердің қимасы, олардың маркасы, тиіспелі құрылғылардың орналасуы, 
тораптарды маркировкалау сұлбасы және элементтер сұлбасы көрсетіледі.
Міне осы көрсетілген жабдықтар арқылы электр энергиясы өндіріледі 
және түрлендіріледі де тұтынушыларға жеткізіледі.Осы жіберілетін электр 
энергияның сапасы көрсетілген жабдықтардың құралымына, тоқтаусыз 
жұмыс істеуіне және осы станциядағы жұмысшылардың біліміне 
байланысты. 
Төменде қажетті жабдықтардың өнеркәсіпте және шаруашылықта жиі 
қолданылатын түрлерінен мысал келтіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет