Жалпы білім беретін №2 жалпы орта мектеп
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: «Электр тiзбегiне өткiзгiштердi тiзбектей, параллель,
аралас қосу және олардың белгілері»
Сыныбы: 10Б
Пән мұғалімі: Қарабалаева Г.С.
2013 – 2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тұрақты ток заңдарын білу,білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелілік: Іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өзбетімен ізденуге, өзіндік қор жасауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас, жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, салыстыру, көрнекілеу, тәжиребелік, бағалау.
Пәнаралық байланыс: информатика, математика,сызу.
Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: компьютер, тапсырмалар, бағалау парағы, электр шамдары, кілт, батарея, бүктеме қағаз, үлестірме қағаз, кодоскоп, экран, тақта, реостаттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) оқушылармен сәлемдесу, психологиялық көніл-күйін байқау
2) сабаққа керекті құрал-жабдықтарды түгендеу
3) сабаққа қатысуын қадағалау, сабақ мақсатымен таныстыру
Достарыңызбен бөлісу: |