Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы



бет4/9
Дата28.01.2022
өлшемі16,72 Mb.
#130074
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Жауынбай Амантұрлыұлы Қараев 1956 жылы туған, Бейнеу ауданы Тұрыш ауылы) – ғалым, физикалық-математикалық ғылыми докторы (1995). Халыққа білім беру ісінің үздігі. Гурьев педагогикалық институттын (Атырау университетті) бітірген (1978). 1978 – 82 жылы педагогикалық институттта матанализ кафедрасында оқытушы, 1982 – 85 жылы Қазақстан ҒА математика және механика институттының аспиранты, 1986 – 89 жылы Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдары зерттеу институттында информатика бөлімінің меңгерушісі, 1989 – 92 ж институтт директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, 1992 жылдан Алматы қалалық білімін көтеру және қайта даярлау институттының директоры болды. 2007 жылдан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. «ЭВМ және программалау элементтері», «Компьютерді оқыту процесіне пайдалануға кіріспе», «Информатикадан есептер жинағы», т.б. кітаптарының және 5-сынып информатика оқулығының авторы. «Білім және еңбек» журналының лауреаты (1987).

  • Жауынбай Амантұрлыұлы Қараев 1956 жылы туған, Бейнеу ауданы Тұрыш ауылы) – ғалым, физикалық-математикалық ғылыми докторы (1995). Халыққа білім беру ісінің үздігі. Гурьев педагогикалық институттын (Атырау университетті) бітірген (1978). 1978 – 82 жылы педагогикалық институттта матанализ кафедрасында оқытушы, 1982 – 85 жылы Қазақстан ҒА математика және механика институттының аспиранты, 1986 – 89 жылы Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдары зерттеу институттында информатика бөлімінің меңгерушісі, 1989 – 92 ж институтт директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, 1992 жылдан Алматы қалалық білімін көтеру және қайта даярлау институттының директоры болды. 2007 жылдан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. «ЭВМ және программалау элементтері», «Компьютерді оқыту процесіне пайдалануға кіріспе», «Информатикадан есептер жинағы», т.б. кітаптарының және 5-сынып информатика оқулығының авторы. «Білім және еңбек» журналының лауреаты (1987).
  • Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
  • Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
  • Міндеттері:
  • 1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.
  • 2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау...
  • 3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.
  • Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
  • 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
  • 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  • 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
  • Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:
  • Бірінші деңгей-«үйренушілік».( Репродуктивтік ) Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.
  • Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген  материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.
  • Үшінші деңгей - «эвристикалық». Бұл  деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
  • Төртінші деңгей-«шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді.  Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.  Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.
  • Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға  тиімділігі:
  • Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы
  • Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы
  • Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы 
  • Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген  қызығушылығының артуы 
  • Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы 
  • Оқушы белсенділігінің оянуы 
  • Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы
  • Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы
  • Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының  оқытушыларға тиімділігі Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы
  • Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі
  • Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі
  • Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы
  • Оқушы мен  оқытушының  шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы
  • Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.

деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:

  • деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:
  • - Оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.
  • - Оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды).
  • - Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.
  • - Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.
  • - Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады.
  • - Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.
  • - Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.

Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны.

  • Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының мазмұны.
  • Оқыту технологиясын пайдалану – оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді.Таным процесі үстінде кез келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар болуы тиісті.
  • Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай :
  • а) оқушының оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
  • ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
  • б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
  • в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
  • г) дамыта оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты оқушының оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.
  • Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:
  • - жеке құрылымдарға бағдар беру;
  • - білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет