Деңгейлік тапсырмалар: акт дан білімді бағалауға қолданылатын жалпы тәсілдер?



бет2/3
Дата23.12.2021
өлшемі30,82 Kb.
#100369
1   2   3
Байланысты:
АКТ 6
БОӨЖ 4,  Географиялық  және   Картографиялық карталардың қасиеті және негізгі элементі., ТАПСЫРМАЛАР
2. Бағалау түрлері?

Бағалау жүйесі – мектеп оқушыларының қызметінің нәтижелерін ағымдағы және қорытынды бағалауды, педагогтар мен мектептің қызметін бағалауды, білім беру жүйесі қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтитын күрделі және көпфункционалды жүйе

Дәстүрлі бағалауда -білім алушы оқытудың нәтижесінде нақтылық жоқ болатын, сандық бағамен бағаланатын өзінің қандай баға алғанын және не үшін алғанын түсінбейтін. Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі. Білім алушыға да, ата-анаға белгілі критерийлер бойынша оқыту нәтижесін біліп отырады. Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.Формативті бағалау күнделікті сабақта үлкен роль атқарады, себебі күнделікті оқу жетістіктері мен кері байланыс оқушыларға өз оқуы туралы қортынды жасауға және нәтижені жақсарту үшін керекті шешім қабылдауға ықпал етеді.Формативті бағалау оқушының әр сабақтағы іс — әрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігі, еркін өз ойын білдіруі, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы т.б.жатады. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге асырылмайды. Мақтау, мадақтау, жылы шырай таныту, қолдау көрсету, ынталандыру формативті бағалаудың түрлері болып табылады

Дәстүрлі бағалау:

-жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;

-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;

-бағалау тек мұғалімнің билігінде;

-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;

-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);

-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі; -бағалаудың жалғыз мақсаты

– қойылатын бағаны анықтау;

-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.

Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері Критериалды бағалау міндеттері:

-Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

-Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

-Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру; -Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

-Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.

Критериалды бағалаудың артықшылықтары:

-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;

-Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;

-Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;

-Білім берудің сапасы артады;

Критериалды бағалау: Мұғалімдерге:

-Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;

-Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;

-Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;

-Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;

-Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;

-Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға:

-Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;

-Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;

-Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.

-Ата-аналарға:

-Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;

-Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;

-Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.
Бүгінгі күні білім алушылардың жетістіктерін критерийлермен бағалауға екі басым көзқарас белгіленді. Критерийлік көзқарасқа бірінші көзқарас оқу процесінің типологиясына және бағалардың сәйкес шкаласының арақатынасына негізделген. Осылайша, жағдай түрлерінің әрбіреуінің ішінде оқушы «1»-ден бастап «5»-ке дейінгі бағаларды алуы мүмкін. Бұл жағдайда тапсырмалардың күрделілігі бойынша кезектестігі қамтамасыз етіледі. Онымен бір уақытта бұл көзқарас білімдерді сынып-сабақ жүйесінің жағдайларында қолданып отырғаны кезеңінде шектеледі, «білімнің өмірге шығуы» жүйелігін қамтамасыз етпейді, бұл функционалдық сауаттылығының толық көлемінде қалыптаспайды.

Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы мен баға қойылуы тиіс сәттер деп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және ата-ананың арасындағы, болмаса оқушының өзі анықтайтын, оқыту процесінің табыстылығын анықтау бойынша бақылау-өлшем байланысын орнататын механизм. Жалпы алғанда, бағалау және өзін-өзі бағалау жүйесі - білім беру процесінің өз-өзін қадағалап отыратын, ерекше маңызға ие нақты механизмі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет